Мен сүйетін дүние

...мені - өзімнің Сағынышым мұңайтты.

Үндемеймін. Түсінем.

Үнсіздікте Тыныштық бар деп кім айтты?

Жылағаны ол - ішінен.


Күлгені де. Сүргені де - Өмірді.

Біз өмірді түсінсек қой - Со ғұрлы...

...мені - өзімнің Ұнағаным мұңайтты.

Үндемеймін. Түсінем.


Үнсіздікте Жүрек жоқ деп кім айтты?

Сүйгені ол - ішінен.

Кешіргені.

Өшіргені наласын.

Ол секілді кім жаза алар Жарасын...


...мені - өзімнің Сезінгенім мұңайтты!

Үндемейін. Түсінем...

Үнсіздікте Бақыт жоқ деп кім айтты?

Шырқағаны ол - ішінен!..

Билегені - тас жүрегі егіліп.

Қабырғасы қырық жерден сөгіліп!


...Ол секілді көрдің бе сен - Сезініп...

Мынау бүкіл Әлемге.

Бар Адамға

мені - өзімнің Сағынышым мұңайтты.

Үндемеймін.

Түсінем.

...үнсіздікте Өмір жоқ деп кім айтты?

Өзіңді ізде - ішінен...


Жанна Елеусіз

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Мен сүйетін дүние
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/poezia/2019-07-09/1152.html