Естен Ербол : Төрт алынған екі

Төрт алынған екі

landscape-1494502247-happy-family-on-beach.jpg

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын естігенім бар, ‹‹білсеңде не үшін өтірік жазып тұрсың, не үшін? ››,-деген сұраққа кейін ғана жауап бердім. 

Мектеп табалдырығын аттамас бұрын әке-анам әпекем екеумізге сан үйрететін, әкем маған шешемді өзін көрсетіп екі деген санды үйретті, менімен әпекемді нұсқап қанша болады дегенінде мүдірместен төрт деп жауап қатып әке-шешемнің қуанышына, мейіріміне бөленгенім бар, бырақ көп ұзамай төрттің екісінен айырылдым, олар әкеммен-анам. 

Сәби жүрегіме, тағдырыма салқындық салған осы бір тұстарда мен үшін қосуы бар, алуы жоқ, әкеммен-анам бар, жоғалту жоқ болатын, ол күндер мен үшін ең үлкен қайғы, қасырет еді. Жиырма жылдан кейін ұялы телефоныма мынандай хат келіп түсті , хатта :

- Асқар кезінде сәби жүрегіңді түсінбей екі күн сындап ұрысқаным есімде, соны бүгін ғана түсындім, жолдасымнан жақында ғана айырылдым, сені ойласам болды, егіліп етегімнен жас тоқтамайды ! Ұлды болыпсың, ұрпақтарың көбейе берсін, отбасыңмен мәңгілік бақытты бол қарағым ! 2×2=4×2=8×2=16. . .  Құрметпен мұғалімің: Алмира .

Естен Ерболұлы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Естен Ербол : Төрт алынған екі
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/proza/2017-06-20/784.html