Махаббат оңай емес, егер махаббат болса...

Махаббат оңай емес, егер махаббат болса...

Сен оның өміріндегі алғашқы махаббат емессің. Бәлкім, соңғысы да емес шығарсың. Ол сүйген жалғыз адам сен емес. Сенің алдыңда да ғашық болған. Енді тағы да ғашық. Егер қазір ол сені сүйсе, одан басқа не сұрамақсың? Басқа не керек? 

Ол періште емес. Бірақ сен де періште емессің. Екеуің қосылғанда да періште боп кетпейсіңдер. Алайда дәл қазір шын күлдіріп отырған жан бар болса, дұрыстап ойлан, ол саған адам бол, қателік жаса, қолымнан қатты ұста, жүрегіңдегі бар сезіміңді аш деп мүмкіндік беріп отырса, неге ойланбасқа? 

Ол сені бақытты етсе, алаңсыз күл. Сені ренжіткенін ашық айт. Қасыңда жоқ кезде бар ынтаңмен сағын. Сол сағынышыңмен керек екенін сезін. 

Періште көкте ғана. Бірақ саған ғана лайық боп туған ерекше бір жан бар. Сол сенің періштең. 

Шындап қарасаң, кез келген адам саған қайғы сыйлауы мүмкін. Сен тек көз жасыңа, қайғыңа лайық болар сыңарыңды тап.


Боб Марли 

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Махаббат оңай емес, егер махаббат болса...
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2019-05-23/1138.html