Басыңа күн туғанда, қасыңда қалатыны сүйіктің ғана

Сүйген әйел

Әйелдің қалағаны азаттық та, таңдау еркі де емес-ті. Оның іздегені қайсар жігіт, тиянақтылық. Әйелдің болмысы сан түрлі, түсініксіз болуы мүмкін. Дегенмен азаматтан ол тұрақтылық пен махаббатты іздейді. Әйел заты әр сәтте оған сенімді, оған керекпін дегенге сенімді болуы тиіс. Әрдайым. Қазіргі заманда әйел атаулы азамат деген атқа лайық жан бар дегенді естісе, ол үшін шөл даланы жаяу кезіп, теңізді кешіп өтуге әзір. Әйел үшін ең қымбат сый - ықылас. Үздіксіз ықылас. Сүйген әйеліңді әрқашан сыйлап, сүюің керек. Шындап келгенде, дос, таныстың бәрі жағдайың жақсы кезде жаныңнан табылатыны сөзсіз. Ал басыңа күн туғанда, қасыңда қалатыны сүйіктің ғана. Өзгелер саған қолдау керек кезде аяқ астынан жоқ болып кетеді, жаныңда қалатыны - сол ғана. Ер адам әйелдің денесіне қол тигізгенде - тәнін таниды. Жанын дір еткізгенде - Бақытты таниды. Сүйген әйел азаматының соңынан ереді. Соқыр, мылқау, ақымақ болады. Бірақ жердің қиырына бастаса да, соңынан ереді. Қандай күнде де қасынан табылады. Сүймеген әйел жаңбыр жауып тұрғанда қолшатырың жоқ екенін білсе, тастап кетеді.


Аглая Датешидзе

Аударған Шынар Әбілдә

asianinfo.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Басыңа күн туғанда, қасыңда қалатыны сүйіктің ғана
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2019-05-25/1139.html