Адамдар ауылдағыдай бейқам өмірді іздейді

Адамдар ауылдағыдай бейқам өмірді іздейді. Теңіздің жағасына, не тауға шығып кеткісі келеді. Сен де сондай жанның рақатын сезіндіретін тыныш жерді іздейсің. Дегенмен, ойланып қарасаң, бұл дегенің ойсыздық қой: адам әрқашан жан дүниесінде өзімен өзі бола алады. Өз жанында оңаша қала білетін адам одан артық тыныштықты еш жерден таппасын біледі. Әсіресе, жан дүниесіне үңіліп қараған сайын бірден қуанышқа бөленетіндей, жеңілдеп сала беретіндей ерекше қасиеті бар адамдар үшін оңаша қалу өте маңызды. Бұл жеңілдік, меніңше, рухани жайлылық. Осылай оңаша қалу арқылы үнемі өзіңді жаңартып отыр.


Марк Аврелий

Аударған Шынар Әбілдә

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Адамдар ауылдағыдай бейқам өмірді іздейді
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-06-14/763.html