Бақытты болғым келеді!

Бақытты болғым келеді! 

Әр адам бақытты болғысы келеді. Қарапайым, тып-тыныш, жап-жарық бақытты керек етеді. Жамандықтың бәрін ұмытып, қасыңдағы адамның иығына басыңды сүйесең. Көңіл түкпірінде жиналып қалған ауыр ойдың бәрін айтып, жеңілдеп қалсаң, шіркін... Сүйіктіңнің жанарының тұнығына батып кетсең... 

Әр адам сыңарының нәзіктігін сезінгісі келеді... Алғаш шыққан бәйшешектей бейкүнә болғысы келеді... Әдемі, нәзік... Сол жылылықты тұтастай бойына сіңіріп алғысы келеді. Сүйіктіңнің құшағында сезінген нәзіктікті оған миллион есе артығымен қайтаруды ғана ойлайсың... Ол жүрек түкпірінде сақтап жүрген ыстық сезімді толық сезінсе деп армандайсың... 

Әр адам сенгісі келеді. Сенім жетіспей тұратыны жаман. Тағдырға налып, сүрініп-құлаған сайын біреу кеп қолыңнан демеп, құлағыңа баяу ғана: «Сенің қолыңнан бәрі келеді, сен мықтысың» деп сыбырласа ғой дейсің... Ертең бәріне үлгеремін деген Сеніммен ояну үшін!... 

Әр адамға махаббат керек! Махаббат болған, көргем деп қиналған жандар бір күні тағы да Махаббат бар деп сенуі үшін! Махаббат бәріне керек. Жарлыға да, байға да, ақылдыға да, ақымаққа да... Махаббат қана адамды бақытты етеді. Жүрегіңде бүр жарған ыстық сезімге еш зияны жоқ барлық тілектер орындала берсін!... 


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Бақытты болғым келеді!
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-07-11/826.html