Әйел деген жаңғырық, қалай шақырсаң солай жауап қатады...

1. Жақсы еркектің аздығы есерлерге жабысуға себеп емес.

2. Жас күніңде көп нәрседен бас тартып, қартайған соң дәмін татып көрермін деген үмітпен өзіңді алдама.

3. Жаныңды дір еткізіп, артынша оған түкірген адамға деген жек көрушілік өте күшті болады. Өзіңізді өзгертіңіз. Жек көрушілікті аластаңыз.

4. Бақыттың төрт құрамдас бөлшегі бар: жақсы ата-ана, адал дос, асыл жар, дену сау ұрпақ.

5. Жүрек кім болса соны таңдамайды. Ол өз жартысын сезеді.

6. Әйел деген жаңғырық. Оны қалай шақырсаң, солай жауап қатады...

7. Әйелдің жалғыз қалуы қорқынышты емес. Ең қорқыныштысы екеу болып жалғыздықта қалуы.

8. Қоқысты тастауды ұмытпаңыздар. Шелектен, жан дүниеңізден, өміріңізден.

9. Еркек өмірде дұрыс мақсат қоя білуі керек, ал әйел дұрыс мақсаты бар еркекті табуы қажет.

10. Қолыңнан келгеннің бәрін жаса. Қолдан келмегенді Құдай береді.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Әйел деген жаңғырық, қалай шақырсаң солай жауап қатады...
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-28/912.html