Әйелден шабыт іздеңіз. Тек ақыл сұрамаңыз

Әйелдер әлемді әдемі етеді. Әйел деген үйлесім, әйел деген ғажайып. Ол азаматына таусылмас шабыт сыйлап, тау қопаруға бағыттай алады. Өзі де талай дүниені тудыра алады. Атақты жазушы, әртіс, саясаткер, ғалым әйелдердің өмір, махаббат, әлем, жігіттер мен өздері туралы айтқан қанатты сөздерін жинап, оқырман назарына ұсынамыз:


1.  – Қалай арықтап кеткенсің? Жаттығу жасадың ба? Нан жемей жүрсің бе? Маған да айтшы, қалай арықтауға болатынын? 

– Тамақ өмірдің мәні болмай қалған сәтте адам өзі-ақ арықтайды. 

~ Инна Гофф, жазушы


2.   Романды мен ортасынан бастап оқимын. Қызығы екі есе болсын деймін. Немен бітті, қалай басталған екен деп. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


3.   Әйелдер бала сияқты «жоқ» деп айтқанды жақсы көреді. Еркектер де бала құсап оны шындық деп қабылдайды. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


4.   Еркектің өмірінде әйелді түсінбейтін екі кезең бар. Тойға дейін және тойдан соң. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


5.   Нәзікжандыларға жұмыста жетістікке жету екі есе қиын. Өйткені, олардың алға жетелеп отыратын әйелі жоқ. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


6.   Әйелдің ақылы ешқашан жас болмайды. Әйел дүние есігін үш мыңжылдық ақылмен ашады. 

~ Шейла Дилейни, ағылшын драматургі


7.   Еркектің махаббатын сақтап қалудың ең тиімді тәсілі – оған күйеуге шықпау.

~ Катрин Денев, француз киноактрисасы


8.   Италиялықтың миында екі нәрсе болады. Оның екіншісі – спагетти. 

~ Катрин Денев, француз киноактрисасы


9.   Менің суреттерім маған әділетсіз көрінеді. Өзімнен аумай қалған.  

~ Филлис Диллер, америкалық сатира жазушысы


10.   Бүгін түн мен үшін ең азапты түн болды. Себебі, ештеңе болмады. 

~ Филлис Диллер, америкалық сатира жазушысы


11.   Құдай адамды жасаған соң бұдан да артығын жасағысы келіп әйелді ойлап тауыпты. 

~ Адела Сент-Джонс


12.   Әйелден шабыт іздеңіз. Тек ақыл сұрамаңыз. 

~ Дельфина де Жирарден, француз жазушысы


13.   Әйел жарнама секілді жеңеді: бір нәрсені қайталай береді. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


14.   Жігіт деген сағат сиықты. Әр тәулік сайын бұрып тұру керек. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


15.   Өзімнің детективті романдарымның сюжетін ыдыс жуып тұрып ойластырамын. Сондай жағымсыз іс, амал жоқ өлтіру туралы ойлана бересің. 

~ Агата Кристи, ағылшын жазушысы


16.   Қонақтар екі пиғылды келеді. Бірі тезірек кеткісі келіп тұрады. Келесілері ұзағырақ отырғысы келеді. Бар қиындық осы екі түрлі пиғылдағылардың бәрі өзара некелескендер. 

~ Энн Ландерс, америкалық медбике және әдебиетші


17.   Танымалдылық – алғашқы екі айда жақсы, одан кейінгі жылдар бойы азап. 

~ Софи Лорен, италья  киноактрисасы


18.   Әйел өзінің сұлулығына сенсе, өзгелерді де соған сендіреді. 

~ Софи Лорен, италья  киноактрисасы


19.   Модельер үшін белдемше – біресе көтеріп, біресе түсіретін театрдың пердесі секілді. 

~ Софи Лорен, италья  киноактрисасы


20.   Шаш үлгісі алдымен күннің қалай өтетініне, содан кейін бүкіл өміріңнің өзгеруіне себепші.

~ Софи Лорен, италья  киноактрисасы


21.   Өзіңнің қалауыңдағы салмаққа ие болған сәтте, сол салмақты басқаша үйлестіргің келеді. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


22.   Шашыңды қалай тарасаң, сені солай тыңдайды. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


23.   Бюджетті есептеу – бір тиын жаратпай тұрып өміріңді улау. 

~ Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі


24.   Секс - лас ойын? Бәлкім, жуынбасаң...

~ Мадонна, америкалық әнші әрі актриса


25.   Көптеген әйелдердің түйткілдерін мықты деген психиатрлар шеше алмаған сәтте екінші санаттағы шаштараздар реттеп бере алады.

 ~ Мэри Маккарти, америкалық жазушы


26.   Еркектер басқаратын әлемде тек онда әйел болып қалсам ғана өмір сүруге келісемін. 

~ Мэрилин Монро, америкалық киноактриса


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Әйелден шабыт іздеңіз. Тек ақыл сұрамаңыз
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-10-18/967.html