Жақсы бастықтың ұстанымдары

Шынар Әбілдә

Жақсы бастықтың ұстанымдары

- Ең жақсы бастық – қинайтын бастық, - дейді Ким Скотт. - Ашық әңгіме – аяныштан артық. 

Бас директорлар конференциясында Google-дің бұрынғы топ-менеджері Ким Скотт осылай деді. Ол жақсы бастықтарға «Ашық сөйлесу» ұстанымы тән дейді. 

Ким Скотт өзінің карьерасын бір ғана фундаменталды ұстаным аясында жасап шықты — кез келген өтірік пен жалғандықтан ада, адамдар бір-бірін, жұмысын  бағалайтын ортаны жасай білді. Өзінің алғашқы стартапында осы ұстанымды жүзеге асырды.  

Ол кезде Скоттың топ-менеджерлік тәжірибесі болды. Онда ол көшбасшылар ортаны қалай қалыптастыратынын зерттеді. Ондай ортада жұмыс істеген адам қаншалықты рақаттанатынын, соның барлығы бірден көзге түсетіндігі айтылды. 

Қазір ол Twitter, Dropbox, Shyp, Qualtrics және Кремний алабының тағы да бірнеше стартаптардың кеңесшісі. Ол бас директорлар жиынында бастық команданы дұрыс басқаруы туралы көптеген соны ақпараттарды айтты.  Ең дұрысы «ашық сөйлесу» ұстанымына тіреледі. 

Баяғыда өзінің бастығы оны сынағаны туралы бастады. 

«Мен Google-ге жаңадан келген кезде AdSense көрсеткіштері туралы баяндама жасадым. Бәрі керемет. Ларри Пейдж, Сергей Брин мен Эрик Шмидттер менің көрсеткіштерімді естіп, орындарынан құлап қала жаздады. Лари жетістікті баянды ету үшін қандай ресурс керек деп сұрады. Маған бәрі тамаша боп көрініп тұрған» - деп еске алды Скотт. 

Жиналыстан кейін тікелей бастығы Шерил Сандберг әңгімелесейік дейді. Сандберг жиналыстағы баяндамасы ұнағанын айтады. Қазір бір сын айтылатыны сезілді. Тым жиі «эээ» деп айтатынымды айтты. Онда тұрған ен бар, болмысым сондай шығар деп ойлайды Скотт. Сандберг осы мөңіреу қобалжығаннан болды ма деп сұрайды. Керек болса, шешендік өнерден сабақ беретін шеберді жалда деді. Бұл сын Скоттқа аса маңызды емес боп көрінді. Сол кезде Сандберг: «Ким, сен түсінбей тұрған секілдісің. Ашық айтайын. Үш сөзден кейін «эээ» дей берген соң сен тым ақымақ көрінесің» дейді.  

Бала күннен тыныш отыр, аузыңды жап деп үйреткен соң оларды бұл сын қинауы мүмкін. Бірақ Скоттың ойлауынша, Сандберг сол кезде бұған зор көмек көрсетті. Ол ашық айтпаса, мен кемшілігімді сезбестен жүре берер едім. Осыдан кейін Скотт шешендік өнерден сабақ алып, дұрыс сөйлеу мәнерін қалыптастырады. 

Бір қарағанда – онда тұрған не бар дейсің. Бастық қоластындағыларға кемшілігін көрсетіп отырғаны қалыпты емес пе? Бірақ көп адамның бастығы оның кемшілігін көре бермейді, айта бермейді екен. Скотт енді осындай ашық әңгімеге барлық бастықтарды үйретіп жүр. Түсінікті болу үшін арнаулы ашық сөйлесу жүйесін құрастырып шыққан. 

 nb.JPG

Тік ось жеке қызығушылықты білдіреді. Көлденең ось – сынауға дайындықты. «Ашық сөйлесу» екі осьтің ортасындағы жартылай осьтердің төрттен бірін алып жатыр. Тік осьті Скотт «Бәрібір емес» деп атаған. «Шерил менімен тік еді. Өйткені, мен үшін жауапкершілік сезінді. Мен оған мың рет көз жеткіздім». Сандберг алабқа жаңадан көшіп келген қарамағындағы қызметкерді барлық достарымен таныстырып, Скоттың туысы науқастанып қалған кезде оны мәжбүрлеп демалысқа жіберген.    

Осылайша Сандберг Скоттың біліктілігіне инвестиция салып қоймай, оған адами қамқорлық танытатын. Сандберг команданың әр мүшесіне солай қарайтын. «Қамқорлық таныту жақсы бастықтың басқа қырын ашып көрсетеді – адамды мейлінше қинай алады» - деп түйіндейді Скотт. 

«Қинай білу» даярлығы – көлденең осьтің қарапайым атауы. Көптеген бастықтар үшін бұл қиындық тудыратынын айтады Скотт. Өйткені, елдің бәрі сыпайы болғысы келеді. Бірақ бастық болған адам ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратып отыруы керек. «Жұмысын атқара алмаған қызметкерді сынау – меніңше, адамгершілік міндет, лауазымдық емес» дейді Скотт. 

Скотт жасап шыққан «ашық сөйлесу» анықтамасының бес түрлі міндетті қасиеті бар. Қарапайым, пайдалы, тоқтаусыз, сынды тек бетпе бет айтады, мақтауды көпшіліктің көзінше айтады. Ең бастысы – жеке басты әңгіме қылмайды. «Менің бастығым мені топассың демеді, ол тек «эээ» дегенім мені ақымақ көрсетеді деп айтты. Айырмашылық жер мен көктей» - дейді Скотт. 

***

Бастықтың әдебі туралы баламалы модельдерді сипаттай келе Скотт кестеге қайта үңіліп, қалған үштен бір бөлікке назар аударуды сұрайды. 

 hgf.JPG

Қызметкерлерін қинай отырып еш қамқорлық танытпайтын бастық оның жүйесінде төменгі оң жақ бұрыштан орын алған – «мазасыз ашу». Скоттың айтуынша, бұл нашар үлгі, бірақ қалған екеуінен жақсы дейді. 

Скотт «Тәрбиелі нақұрыспен» жұмыс істегенін еске алды. Ол осы төменгі оң жақ бұрыштан жұмыс істеп бастаған. Сосын ашуыңды жина депті біреу. Содан ол адам төменгі сол жақ бұрышқа ауып кетеді – «әккі екіжүзділік». Скоттың айтуынша, ықтимал әрекеттердің ішіндегі ең нашар осы: «Бұрын ол келіспеген кезде ашуланатын еді. Енді үндемей бүлдіруге көшті». 

Мұндай әрекет иелері сирек те болса кездеседі. Көпшілік мұндай нәрселерді мектепте көреді екен. Менеджерлер арасында басқару қателіктерін «шектен тыс аяныш» білдіретін бастықтар жасайды екен – жоғарғы сол жақ бұрыш. Скотт өзінің де осылай жасағанын мойындайды. Бұл мезет оның карьерасындағы айтуға лайық емес кезең болған. «Жұмыста бір жігіт болды. Боб деп атап қояйық. Ол маған ұнайтын. Бірақ Боб жұмысты нашар жасайтын». Боб жұмысым жүрмей қалды деген сайын Скотт оны бәрі дұрыс деп сендіреді. Осылай бір жыл өте шығады. Бобтың нашар жұмысы күллі команданы кері тартып тұрғанын байқағанша солай болады. Бірнеше білікті мамандарынан айырылып қалатынын білгенше шыдайды. Бобқа ұнау үшін өзгелерге шынайы болмай келгенін мойындайтын сәт туады. Оның үстіне Бобқа да мұндай қамқорлық жақсылық әкелмеді. 

«Мен 10 ай бойы Бобқа сын айтпай, тілімді тістеп келген едім. Оның сезімін аядым. Ақырында қарсы отырып оған жұмыстан босатылдың деп айтуыма тура келді. Ең соңына дейін сыпайы болуыма мүмкіндік тумады. Ол орнынан атып тұрды да осы уақытқа дейін неге ешкім тіс жарып оның қателігін айтпағанын сұрады».  Бобтың сенімінен өзі де шыға алмағанын түсінеді. Өзге әріптестеріне де соған жол бергенін байқайды. «Ең жаманы – мен командада әркім Бобқа барып, сенікі дұрыс емес дей алатын атмосфера қалыптастыра алмадым» деді Скотт. 

Өзінің тәжірибесін ортаға сала отырып, Скотт бірнеше ережені бекітеді. Бұл ережелер өнімді басқаруға көмектеседі. 

1. Өсек айту мүмкіндігін жоқ етіңіз

Бұл ең маңызды ереже. Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін көтеруді қалыптастырудың бірден бір көрсеткіші. Қызметкерлер арасында көзге білінбейтін агрессияны болдырмау – жеткіліксіз. Мұндай әдептен арылу маңызды. Бастық әріптестерге қатысты да мұндай әдепті болдырмау. Қақтығыстар бола салған сәтте шешілуге тиісті. 

2. Бастыққа шындықты айтуды икемдеңіз

Егер бастық болсаңыз, онда командадағы әр қызметкер бастығына сын айта алатын мәдениет болуы тиіс. Бұл қызметкерлер шектен шықты деген сөз емес. Бастыққа қарсы қоюға ыңғайлы тәсіл деп түсінбеу керек. Тікелей бағынатын менеджерлермен кездесіп, бұл кездесудің мақсаты – оларға жақсы бастық болуға көмектесіңіз екенін білдіртіңіз. 

3. Оттегі маскасын алдымен өзіңіз киіп көріңіз

Бұл өте жақсы кеңес. Егер өзіңізді сақтай алмасаңыз, өзгеге қалай қамқор болмақсыз? 

Аударған Шынар Әбілдә

"Қабылан ақпараттық порталы"


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жақсы бастықтың ұстанымдары
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-05-15/681.html