«Самұрық-Қазынаның» таза пайдасы 455 млрд теңгеге жетті

Өткен жылды ұлттық әл-ауқат қоры осындай көрсеткішпен аяқтады. 


Ұлттық әл-ауқат қоры саналатын Самұрық Қазына былтыр толағай табысқа кеңелді. Таза активтердің құны 6,8 трлн теңгеден асты. Қордың таза пайдасы 2015 жылмен салыстырғанда 292 млрд теңгеге артты.

Ернар Жанәділ, «Самұрық Қазына» АҚ басқарушы директорының міндетін атқарушы: 

- 2016 жылы қордың таза пайдасы 455 млрд теңге құрады. Біз оған қалай қол жеткіздік? Біріншіден, біз табыс көзімізді ұлғайттық. Қосымша мұнайды сату арқылы, қосымша аффинаждалған алтын көлемін сату арқылы. Және де басқа продукциялардың көлемін арттыру арқылы біз сондай табыстарға жеткіздік.

Түсімнің артуына «Қазақстан Темір жолы» да үлесін қосты. Былтыр компания 41 млрд теңге көлемінде таза пайдаға кеңелген. Ал, «Самұрық-Энергоның» табысы 18млрд, «ҚазМұнай Газ» компаниясының кірісі 306 млрд теңгеге жетті.

Балжит Гревал, «Самұрық Қазына» АҚ басқарушы директоры:

 - Алдағы 5 жыл ішінде мұнай бағасы 33 пайызға көтерілуі мүмкін. Нәтижесінде қордың қоржындық компанияларында мұнай мен газ конденсатының өндірісі 8,6 жүк тасымалының көлемі 17 пайызға ұлғаятын болады. Ал жолаушылар саны 36 пайызға артады деп жоспарланып отыр.

Егер мақсат орындалса, «Самұрық Қазына» биыл да қомақты табысқа қол жеткізіп, қаржылық тұрақтылығын нығайтпақ. 


Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Әлібек Әлиев.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/174781-sam-ry-azynany-taza-pajdasy-455-mlrd-te-gege-zhetti

www.24.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » «Самұрық-Қазынаның» таза пайдасы 455 млрд теңгеге жетті
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/591.html