Марадона Мессиге жеңілдік жасағаны үшін ФИФА-ны сынға алды

Аргентина құрамасының бұрынғы бас бапкері Диего Марадона елдің ұлттық командасының шабуылшысы Мессиге ФИФА тым жұмсақ қарады деп санайды. 

Аргентина футбол қауымдастығы «Барселона» футболшысына төрт ойынға қатысуға шектеу қоюына байланысты апелляциялық арыз берді. ФИФА жазаның күшін жойып, оған жақында өтетін ойынға шығуға рұқсат берді. Алайда Месси бір ойынға қатыспай қалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. 

«Мен Мессиге көмектескім келді. Бірақ ФИФА шешімімен ортақ ештеңем жоқ. Төрт ойын бар. Аяқ астынан оған кешірім жасап, үш кездесуге қатысуға рұқсат берді. ФИФА-ның әрекеті дұрыс емес. Кей тұстарда оны жазалау орынды. Мұны жүрегіме қолымды қойып айтамын. Оны бір жыл жаттықтырдым. Ол футболшыға қарағанда жұмсақ, биязы балаға көп ұқсады», - деді Марадона аргентиналық радиоға берген сұхбатында.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Марадона Мессиге жеңілдік жасағаны үшін ФИФА-ны сынға алды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-11/665.html