Қандай адамдар бай болады, 7 кеңес

1. Бүгіннен бастап бай-бақуатының жолына түсемін деп шешім қабылдаңыз. Алдыңызға нақтылы қаражат көзін табатын мақсат қойыңыз. Осы мақсатқа жетудің нақтылы жоспарын, іске асыратын мерзімін көрсетіп, бірден бел шешіп іске кірісіңіз.

2. Банкке барып ақша қорын жинайтын есеп-шот ашыңыз. Әрбір түскен кірісіңіздің 10 пайызын осы есеп-шотқа салып отыруды әдет қылып қалыптастырыңыз. Бұл байлығыңыздың бастауы болатынын есіңнен шығармаңыз.

3. Болашақтағы 10-20 жылға жоспар жасаңыз, керемет келешегіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Ол қалай болады? Осы арманыңыздың іске асуы үшін бүгіннен бастап қандай қадамдар жасадыңыз?

4. Таңдаған мамандығыңызды үнемі жетілдіріңіз. Оның қандай мінсіз жақтары өзіңізге пайдалы екенін анықтаңыз.

5. Қарқыныңызды үдетіңіз. Өзіңіздің еңбегіңізге төлегеннен артық жұмыс істеңіз. Жұмысты жауапкершілікпен әрі тез атқарыңыз. Әрқашанда құлшыныста болыңыз.

6. Тәуекелеге барудан қорықпаңыз. Уақытша болған келеңсіздіктерден қаймықпаңыз.  Табысқа жету үшін құмырсқа сияқта алдыға ұмытыла беріңіз. Жүріп өтуге келмейтін жерде жүгіріп не секіріп, кездескен кедергінің не астынан, не үстінен, болмаса айналып т.б. өтіп кетіңіз. Бірінші қабат сүрінгенде бетіңіз қайтып қалмасын, жасық болмаңыз.

7. Қандай жағдайда болмасын, жақсылыққа деген сеніміңізді жоғалтып, күдеріңізді үзбеңіз. Қандай адамның, қандай жағдайдың болмасын жақсылық жағын ғана іздеңіздер. Өзіңіз молшылық пен табыс жолында ләзаттаныңыз.


Дайындаған: Ғ. ТАСҚҰЛ

http://www.jastar.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Қандай адамдар бай болады, 7 кеңес
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-08-16/878.html