Велосипедпен әлемді шарлаған қария

Велосипедпен әлемді шарлаған қария

Айткен Бәкетайұлы, жетпістен асқан велосипедші ақсақал

Сүиікті ісі: Велосипедпен алыс сапарларға шығу. 

Сусыны: Қымыз.

Мақсаты: Қазақты әлемге таныту.

Жұлдызы: Бикеш 

Түсі: Алқызыл

 – Велосипед    адам денсаулығына қаншалықты пайдалы. Бұл спорт түрімен қай жасыңыздан бастап айналысасыз?

 – «Адам қартайса аяқтан кетеді» ¬¬- деген қазақта  мақал бар.  Велосипед бүтіндей екі аяқпен жүретін спорттың түріне жатады. Мен велосипедті 1997- жылы зейнетке шыққан соң таңдадым. Қытайда үлкен қызметтер атқардым. Содан соң атажұрт Қазақстанға келдім. Басында тауларға жаяу шығып жүрдім. 2006- жылдары Алатауды асып Қырғызстанның Ыстықөл деген жеріне бардым. Қара жаяулап көп жерлерді аралай алмайтын болған соң велосипедке көштім. Осыдан жақсы нәтиже шығарайын және денсаулығыма да пайдас тиер деп түйдім. 2007 жылы Қытай мен қазақ арасына жол ашайын деп сапарға шықтым.  Халық мені мамырдың 18-де стадионнан ұзатып шығарды. 

 – Кез келген адам алдыға мақсат қойғанда бастар іске кездейсоқ келмейді. Әсіресе сіздің жасыңызда мұндай қиындыққа тәуекел ету өте қиын. Велесипедпен шұғылдануға және шұғылданып қана қоймай ұзақ сапарларға шығуға нендей себептер болды. Мүмкін бала кездегі аңсар арманыңызды жүзеге асырғыңыз келді ме?

 – Мен бала кезімде спортпен айналысқанмын. Ол уақытта мен марофонда жүгіретінмін. Марофонға осы күнде жарай алмаймын. Ал шалдарға бұл велосипед өте ыңғайлы. Марофонға жүгіру үшін жас болу керек. Одан бір нәтиже шығару қиын. Ал шалдарменен жарыссам бір нәтиже шығарар едім. Велосипед  үрей туғызатындай ауыр еңбек емес. Бұдан өкпе де қабынып кетпейді. 

– Ыстық күндері алыс сапарларға жол жүру қиындық туғызбай ма?

– Велеосипед ешқандай ыстыққа қарамайды. Өйткені велосипедпен жүргенде алдыңнан жел есіп  отырады. Мұнда жаяу жүрген сияқты пысынап кетпейсің. Оны да әдейі қарастырдым. Сонымен бірге велосипед тепкенде барлық дене мүшелерің қозғалыста болады. 

 – Отбасыңыз ала жаздай велосипедтен түспеуіңізге қалай қарайды? 

– Басында олар маған қарсы шыққан. «Үйде жатсаң болмас па» деп балалар мені аяитын. Байқам қарасам менімен бірге зейнетке шыққандардың көбі жұмыстан қол үзген соң ауырып қалады екен. Одан кейін бұлардың өмірі қысқа болады.  Мен қазір кітаптардан «қандай адамдардың өмірі ұзақ болады» деп қызыға қараймын.  Бірінші қимыл қозғалыста жүрген адамның ғұмыры  ұзақ болады.  Екінші көңіл күйі жақсы болған адам. Үшінші тамақты орнымен, нормымен ішкен адам. Сонымен ойлана келе қайсысына тоқталам дей отырып, қимыл әрекетке лайық велосипедті таңдадым. 

 – Сізге қарасам бойыңыздан көңіл тазалығын көремін. Шаршаңқылық, күйзеліс деген сізден байқалмайды. Барлық іске жас балаша ынтығасыз. Үнемі қалыпта жүресіз. Осы велосипедтен рухани ләззат аласыз ба?

 –  Әлбетте . Велосипедпен жүрген сайын елдердің бәрі маған қызыға қарайды. Бұл спортпен айналыспай тұрғанда мен де нашар болғанмын. Аздап басым ауыратын. Болмашы  нәрсеге  күйгелектенетінмін. Буын сырқырайтын. Тіпті қан қысымым да болған. Қазір олардың біреуі де жоқ. Адамдарды жақсы көремін. Өмірге деген құлшынысым зор. Абайдың кітабін оқимын. Велосипед ойлау қабілетіңді де жақсартады. Санаң сергек жүреді. Әзір осы әрекетпен шұғылданбай қалсам тырысып ауырып қаламын. 

Күніне қанша шақырым жол жүресіз?

Бір сапарларға шыққанда орта есеппен 200 шақырым жол жүремін. Ал жай күндері 60 шақырым кейде 80 шақырым жол жүріп жүрмін. Қысты күндері велосипедпен жүре алмағандықтан жаяу тауға жүгіремін. 

Осы жасыңызға дейін қанша шақырымдарды бағындырдыңыз?

2006-жылы Алматыдан шығып қытайдың Үрімжі қаласына 1100 шақырым жол жүрдім. 2008-жылы Тарбағатайдан  Бежиң Олимпиядасына бардым. Ол 4500 шақырымға созылды. Өткен жылы маусымның 28 күні Астананың құрылған күні, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Алматыдан Астанаға 1254 шақырым жол жүріппін. Жеті күнде бардым. 

 – Сапар барысында ел-жұртты көресіз. Көрген, білгендеріңізді айта отырсаңыз?

 – Дені сау адамды барлық адам жақсы көреді. Кейбіреулердің ақшасы көп. Кейбіреулер үлкен бастық. Олар ұшақпен, мәшинемен жүреді. Ондай кезде ештеңені көре алмайды екенсің. Велосипедпен жүрсең өзіңнің табан ет, маңдай терің. Велосипетпен кетіп бара жатқанда жолдаға адамдар саған мейірімділікпен, махаббатпен қарайды.  Мына адамнан бір нәрсе үйренсек деп ынтығады. Мейлі ол бай болсын, мейлі кедей болсын, тіпті кетіп бара жатқан мәшинелер де тоқтап алға,  алға  деп демеу береді. Осының барлығы  адамды марқайта ма? Жасарта ма? Бұл үлкен күш. Елдің пейілінен асқан бақыт бар ма? Қазағым кең маңдайлы кең екен. Қытайға барғанымда олар астыма ат мінгізіп, үстіме шапан жапты. Дүниені айтып отырғаным жоқ, ақ пейіл мен көңілдерін қайда қоясыз. Алыс жолдан келгенде қазақтың келіндері қымыз сусындарын ұсынып жатады. Сапар барысында табиғатпен де жақын тілдесесің. Орыстар болса суретке түсіп, қазақтар болса артымнан шапқылап келіп естелік алып жатады. Адамдық ұлтқа қарамайды екен. Барлығы саған құшағын ала жүгіреді. 

 – Жол сапарларда тамақтану тәртібіңіз қандай?

– Спортпен шұғылданған адамның тамағы уақытылы болу керек.  Артық тамақ жесең ішің солқылдап жүре алмайсың. Қорексіз тамақ жесең күшің жетпей қалады. Сапар барысында қонақ үйлерде қазақтар қазы, қарталарын алдыма әкеліп  жатады. Кейбіреулер қой сойып жатады. Ет піскенше отыруың керең. Етке тыңқия тойып алсаң ұйықтай да алмайсың. Сондықтан тамақ ішу тәртібі өз уақытымен болады. Мен жол жүргенде әрқандай істі жоспарлап жүремін. 2007 жылы Алматыдан Қытайға бардым. Ондағы ойым екі елдің арасына бірінші рет қазақ жүрсін деген атақ қалдыру.  Елге үлгі болу керек. Екіншіден, қытайға менен ұзақ жол жүріп барған ешкім жоқ. Тамақтану кезінде мені қолдаушылар мәшинемен ілесіп отырады. Майлы тамақты шамадан тыс жеуге болмайды. Мен сусындарды көп іштім. Сусындардың ішінен қазақтың қымызынан асқаны жоқ.  

– Велосипед тағы басқа керектеріңізді түгендеуге үкімет қолғабыс ете ме?

 – Көмектесемін деп отырғандар бар. Бірақ мына төлқұжат  жағы қиын болып тұр. Соның кесірінен шет елге шығуға мүмкіндік болмай отыр. Пекинге жүргенде 3 велосипедпен жүрдім. Себебі ыстық күнде велосипедтің камералары шыдас бермейді. Мен күніне тоқтамай 13-14  сағат жүремін. 

– Хоббиіңіз? 

 – Кітап оқимын. Жұбайым екеуміз қол тенисін ойнаймыз. Әсіресе 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа білемін.   

 

Сұхбаттасқан, Марат Қазыбек

"Қабылан ақпараттық порталы"


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Велосипедпен әлемді шарлаған қария
Тұрақты сілтеме: /A_suhbat/2017-05-19/711.html