Сүйіспеншіліктің сыры неде ?
Махаббат – серігіңді дамытуға деген ұмтылыс. Егер серігің сенің дамығаныңды қаламаса, ол немқұрайлы болады. «Осы семинар, тренингтердің бәрі саған не береді? Үйде отыр, бала бақ» деген сөздер жиі айтыла ма? Мұндайды айтатын адамның көкейінде не бар? Ол «маған махаббат бе» деп тұр. Тіпті сүйіспеншілікке бөленіп отырса да, осылай дей беретін адамдар болады. Серігін «алтын торға» қамап ұстағанды ұнатады. Яғни, ол адам сүйгенінің дамығанын қаламайды. Онда олар қалай бірге өмір сүріп жатыр? Себебі, екеуіне де жаралы бала болып өмір сүру, қанағаттанбаған ата-бабаларының рөлін сомдаған ыңғайлы. Бірі – құрбандық, екіншісі – жендет. Бірі – сүмелек, екіншісі – ғажап. Жоғары тұрған адам, мәселен, ғажаптығын көрсететін жан, екіншісіне қарағанда қаттырақ жаралы. Бірақ бұл шындықты тіпті өзінен де жасырады. Оның стратегиясы: жан жарасын сезінбеу үшін өзгелерден өзін артық етіп көрсету. Өзгені құрбандық ете отырып өзімнің жарымжан екенімді жасырып қалам деп дәмету. Бұл стратегия серігіне дамуға жол бермеу керек деген шешіммен шегеленеді. Әйтпесе, серігі оның құлдығынан қашып кетеді. Есін жинап, шындықты көріп, азаттықтың есігі ашық екенін түсініп, қашып кетуі ықтимал.
Бірақ қалай болғанда да адам баласы даму баспалдағынан қашып құтыла алмайды. Кез келген адамның ой-өрісі дамуға пейілді. Сондықтан ақырында, жендет, жауыз рөліне енген адам «алтын тордағы» құрбандығының жан жүрегіндегі жаралы баласын сыртқа шығарып, бостандыққа жібере бастайды. Оны өзі де сезбей қалады.
Марк Ифраимов
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Сүйіспеншіліктің сыры неде ?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-08-29/913.html