АҚШ Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастырды
АҚШ өзінің Оңтүстік Кореядағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастыруды аяқтады.
Алайда әскерилер толық әзір болу үшін тағы бірнеше ай қажет екенін айтады. Ал THAAD деп аталатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешені Оңтүстік Кореяға наурыз айында Пхеньян 4 зымыранды сынақтан өктізген соң жеткізілген болатын. Бұған дейін қару Құрама Штаттардың Гавайи мен Гуам аралында орналастырылған. Ол 150 шақырым биіктікте ұшқан кез келген зымыранды атып түсіруге қауқарлы. Ал Корея түбегіндегі жағдай соңғы уақытта ушығып тұр. Өйткені Пхеньян халықаралық қауымдастықтың талабына қарамастан ядролық бағдарламасын жалғастырып, зымырандарды сынақтан өткізуін тоқтатпады. Осыған байланысты АҚШ өңірде күштерін шоғырландырып, бірлескен әскери жаттығуларды жиі өткізіп жатыр.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/175495-a-sh-o-t-s
www.24.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » АҚШ Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастырды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/590.html