WBC президенті: GGG мен Канело WBC титулына таласады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен кездесуде осы ұйымның титулын сарапқа салудан бас тартқаны жайлы пікірін айтты. 

Бұған дейін Канело Головкинмен жекпе-жекте WBC-дан басқа ұйымдардың титулдары үшін жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын. Бұл туралы prosports.kz хабарлайды. 

«Бұл үлкен үрдіс болды. Ол Серхио Мартинес мен Мигель Коттодан келе жатыр. Артынша міндетті үміткер ретінде Головкин шығып, «уақытша» титулды жеңіп алды да, Канелоның Коттомен, кейін Ханмен кездесуіне келісті. Содан соң Канело сол титулдан бас тартты. Бұл оның шешімі. Жанкүйерлердің көбі Альварес – Головкин жекпе-жегін көргісі келеді. Бірақ алдымен Канело кіші Чавесті жеңуі тиіс. Головкин WBC чемпионы саналады. Егер ол Канеломен кездессе, жекпе-жектер WBC титулы үшін өтеді», - деді Сулейман Boxing News-ке берген сұхбатында.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » WBC президенті: GGG мен Канело WBC титулына таласады
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-07/631.html