Кедейлікпен күресу үшін бүкіл халықаралық қауымдастық бірлесуі тиіс

Біріккен Ұлттар Ұйымының штабында өтіп жатқан экономикалық және әлеуметтік кеңес сессиясының қатысушылары осындай тұжырым жасады. Сондай-ақ басқосуда азық-түлік жетіспеушілігі мәселесі талқыға салынды. Бұл түйткілдер ұйымның 17 тұрақты даму мақсаттарының тізіміне кірген. Форумда сөз сөйлеген Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед жиналғандарды кедейліктің себептерін анықтап, оның адам мен қоршаған ортағы ықпалын зерттеуге шақырды. 

Амина Мохаммед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары: -Әлемде тұрып жатқан әрбір сегізінші адамның бір күндік табысы 2 доллардан аспайды. Әлі күнге дейін жағдай жақсармай тұр. Шын мәнісінде бұл мәселе – барлық елдерге ортақ. Сондықтан да кедейлікпен күрес ұйымның 17 тұрақты даму мақсаттарының арасында бар.


Дерккөз: Www.24.Kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Кедейлікпен күресу үшін бүкіл халықаралық қауымдастық бірлесуі тиіс
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-12/673.html