«Бүркіттерді сақтайық» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Efes Kazakhstan мен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы бүркіттердің популяциясын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған «Бүркіттерді сақтайық! » әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі риясыз қызмет туралы меморандумға ресми түрде қол қойды.

Жобаның жүзеге асуына Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі саналатын қыран құстың жойылу алдында тұрғаны және Қызыл кітапқа енуі басты себеп болды.

«Бүркіттерді сақтайық» жобасы 2012-2019 жылдар аралығында Efes Kazakhstan жүзеге асырған «Өз үлесіңді қос – табиғатты сақта!» бастамасының табысты жалғасы. Осы жоба барысында Алматы облысында 25 бүркіт өсіріліп, табиғатқа шығарылды. Бұл игілікті іс құстардың өңірдегі санының едәуір өсуіне мүмкіндік берді.


Жобаның жаңа кезеңінің негізгі мақсаттары:

·       Бүркіттердің табиғаттағы тіршілік ету ортасы туралы зерттеулер жүргізу және құстарды кейіннен шығару

·       Қазақстанда бүркіттердің саны мен тіршілік ету ортасы бойынша деректерді жинау және талдау


Efes Kazakhstan компаниясының бас директоры Эртан Курт:

"Біз Қазақстанның ең маңызды рәміздерінің бірі бүркіттерді сақтауға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан етеміз. Біздің жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жалғастыруға өте қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – қыран құстардың популяциясын қалпына келтіру ғана емес, сонымен бірге қоғамның назарын экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына аудару»

EFES_меморандум_.jpg


Стратегиялық ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі құстардың тыныс-тіршілігін зерттеуге және оларды табиғатқа шығаруға қолдау көрсетеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына және олардың нәтижелерін тануға жәрдемдесетін болады. Өз тарапынан Efes Kazakhstan жобаны қоса беріліп отырған Жол картасына сәйкес іске асыруды өз мойнына алып, экспедициялар өткізуді, бүркіттерді өсіруді, күтіп-бағуды және оларға күтім жасауды қолға алады. 2024-2034 жылдар кезеңіне толық қаржыландыруды қамтамасыз етіп, сондай-ақ жобаны іске асыру жөніндегі есептерді жасап, хабарлап тұруды ұсынады.


Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев:

«Бүркіт – сұңқарлар тұқымдасының ең атақты жыртқыш құстарының және халқымыздың «Жеті қазына»-сының бірі. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құс. Соңғы ғасырларда бүркіт бұрын өмір сүрген көптеген аудандардан жоғалып кетті. Мұның себептері жаппай ату, пестицидтерді қолдану, урбанизация және жерді экономикалық қажеттіліктерге өзгерту болды. Осыған байланысты мемлекет бүркіт санын сақтау бойынша бірқатар шаралар қабылдап келеді. "Эфес Қазақстан" ЖК АҚ-на Қазақстандағы бүркіттерді сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреміз»

Меморандумға қол қою мемлекет пен жеке бизнестің Қазақстанның табиғи мұрасын сақтаудағы бірлескен күш-жігерін айғақтайды. Бұл жоба сирек кездесетін құстардың көбеюіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар тұрақты дамуға қол жеткізу үшін экологиялық жауапкершілік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, бастама қоғамның әр түрлі секторларының ресурстары мен білімдерін біріктіру басқа компаниялар мен ұйымдарды осындай жобаларға қосылуға шабыттандыру арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қалай тиімді шеше алатынының мысалы ретінде қызмет етеді. Осылайша, “Save the Berkuts” - «Бүркіттерді сақтайық!» жобасы био әр түрлілікті сақтауға және болашақ ұрпақ үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтауға біздің ортақ үлесімізді білдіреді.


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » «Бүркіттерді сақтайық» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2024-06-22/1180.html