Мызғымас мәдениеті мен берік салт-дәстүрі бар елдер ғана әлем сахнасында мәңгілік салтанат құра алад
«Нарықтық экономиканы негізге алған Қазақстан үшін халықтың рухани санасын жаңғырту – ең маңызды алғышарттардың бірі.
Себебі мызғымас мәдениеті мен берік салт-дәстүрі бар елдер ғана әлем сахнасында мәңгілік салтанат құра алады». Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын көкшетаулықтарға саралап түсіндіруге келген Еуразия Ұлттық университеті оқытушыларының пікірі. Студенттермен кездесуде делегация мүшелері латын әліпбиіне көшу, қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптарын жаңғырту сынды мәселелерді талқылады.
Серікзат Дүйсенғазы, филология ғылымдарының кандидаты: - Мәселен, жаңағы бір ғана латын әліпбиіне байланысты дүниені қазір қарсы пікірлер де кезігіп жатыр. Оның ар жағында әкелетін қаншама бізге пайдасы бар екенін көп адам түсінбей жатыр. Осы мәселенің барлығын қазір ақылдасып жатыр. Ғалымдар талқылап жатыр. Бұл сапарымызда да осы мәселе талқыланады. Әркім өзінің идеясын, пікірін айтады. Оның барлығы жинақталып, қорытындысы жоғары жаққа баяндалатын болады.
Дерккөз: Www.24.Kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Мызғымас мәдениеті мен берік салт-дәстүрі бар елдер ғана әлем сахнасында мәңгілік салтанат құра алад
Тұрақты сілтеме: /A_saiasat/2017-05-16/689.html