Джек Ма жайлы не білесіз?

Джек Ма немесе Ма Юн (马云; 10 қыркүйек, 1964) қытай кәсіпкері және филантроп. Ол Alibaba Group, жоғары табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы. Ол Forbes мұқабасына алғаш рет пайда болған қытайлық кәсіпкер.

2004 жылы Bloomberg  компаниясының мәліметі бойынша Джек Маның жеке байлығы 32,7 миллиард құрап, әлемде 18-ші және Қытайдағы ең бай азамат ретінде тіркелді. 

20141229215155502.jpg

Джек Ма музыканттар отбасысында дүниеге келген. Ма Юнь ағылшын тіліне кішкентайынан қызығады. Бала кезінде тіл үйрену мақсатында жақын жердегі қонақ үйлерге келіп, туристтермен әңгімелесетін болған. "Джек" деп оны туристтер атап кеткен. Джек жоғары оқу орнына екі жыл қатарынан түсе алмаған, кейіннен ағылшын тілі пәнінен мұғалім мамандығын тәмамдайды. Мұғалімдікте айына 12-15$ ғана табыс тапқан. Бұны аз көріп жұмыс іздеп 15-тен аса мекемеге сұхбаттасуға барады, алайда ешкім оны қабылдамаған.

Алғаш рет 1995 жылы АҚШ-та болған кезінде ол интернетпен танысады. Достары бұл жерден барлық затты табуға болатынын түсіндіреді. Ең бірінші іздеген сөзі "сыра" болады, бірақ "қытай сырасы" деп жазса іздеу жүйесі таппайды. Осыдан бастап Джекте ғаламтор әлеміне қызығушылық пайда болып , оны өз отанында жүргізуге бел буады. Миллиардердің басшылық ететін компаниясының атауы да қызық - Алибаба , ол оны ертегімен байланыстырып, және қай тілде айтса да жеңіл естілетінін ескерген. Бизнесте өзіндік принциптері бар тұлға. Мысал келтіре кетсем:

Кәсіпкерлік пен саясат екі үлкен әлем, ол екеуін қатар алып жүрмеу қажет. 

Компанияны басқаруда 3 нәрсеге назар аударады. 1-клиент, 2-жұмысшы, 3-акционер. АҚШ-та бірінші орында акционерді қояды, бірақ бұл тұжырым қате. Егер сізде клиент болмаса, сіз банкротсыз және кризис болғанда ең бірінші болып акционер қашып кетеді, ал жұмысшы мен тұтынушы қалады. Сонымен қатар, Астанаға келген кездесуінде Қазақстанның алға дамуы үшін шағын және орта бизнеске басты акцент қоюын атап өтті.

Компания соңғы 3 жылдан бастап қана миллиардтап табыс әкелуде, оған дейін бір доллар таппаса да, ертеңгі күнге деген үлкен сенім және почтаға келген тұтынушылардың ыстық лебіздері мотивация бола білді. Байлығы бойынша әлемде 18 орында тұрған алпауыт үлкен жетістікке жету уақытты талап ететінін көрсете алды. Forbes-қа бірінші болып суреті шыққан қытайлық Джек Ма бұл күнде екі баланың әкесі.


"Қабылан ақпараттық порталы"


1494483890178475.jpg


67a2dccb9.jpg

fds.JPG

121169751.jpg

4597374_6_e44c_jack-ma-fondateur-d-alibaba-recu-par_1200da719f37b4e7927a0750e04ce264.jpg

1486102333521.jpg

alibaba-jack-ma-family.jpg


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Джек Ма жайлы не білесіз?
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-11/662.html