Біреуге ренжіген кезде осыны есіңізге алыңыз!

Біреуге ренжіген кезде осыны есіңізге алыңыз!

Бір жігіт досына:

- Сенің өзгелерге өкпе-реніш білдірген кезіңді көрген емеспін. Маған да өзіңдей болуды үйретші, - дейді.

Досы жігіттен картоп пен дорба әкелуді сұрайды.

- Егер де сен біреуге ренжіп, сол адамға ішіңде ыза мен ашуыңды түйер болсаң, бір картопты ал да, дорбаға салып қой.

- Сол-ақ па? - деп таңданады жігіт.

- Жоқ. Сосын осы дорбаны өзіңмен бірге үнемі алып жүр. Кімге ренжісең де бір картоптан қосып салып тұр, - дейді.

Жігіт келісіп, үйіне келеді. Арада біраз уақыт өтеді. Дорба тола бастайды. Тағы бірер айда дорба толып, ауырлайды. Кейбіреулері шіри бастайды. Жігіт досына келіп:

- Мұны енді өзіммен алып жүру мүмкін емес. Қатты ауырлап, картоптарым шіри бастады. Басқа нәрсе айт, - дейді.

Сонда досы:

- Адамдардың жүрегінде де дәл осылай болады. Мұны өздері байқамайды. Біреуге деген өкпе-реніш жүректе жиналып, жараға айналады. Адам да ішінен шіри бастайды. Енді біреуге ренжіген сайын, не біреуді ренжіткен сәттеріңде бұл ауыр жүктің саған керегі бар ма, жоқ па жақсылап ойланып ал, - деп жауап береді.


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Біреуге ренжіген кезде осыны есіңізге алыңыз!
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-10-24/973.html