Қиналып тұрсаң - алда үлкен қуаныш болатыны анық

Өмір бәрін теңгеріп, есеңді қайтаруға келгенде өте епті. Қазір басыңа күн туып, қиналып тұрсаң - алда үлкен қуаныш болатыны анық. Көз жасыңның әр тамшысын өтейтін риясыз күлкі береді. Өмір сүргің келмей, көңіл бәрінен қалғанда келесі бұрылыста ғұмыр кешуге лайық бір-екі керемет орын алып, бақыттың құшағына құлайтыныңды ғана ойла. Кей сәттерді ерік-жігеріңді жұдырыққа түйіп, үндемей өткізіп жіберу керек. Дәл қазір табан астындағы жер қозғалып бара жатса, ендеше қанат бітіп, көкке самғайтын мезет тақап қалғаны, қуана бер! 

Бәрі жақсы болады! Бұл заңдылық!

©Алина Ермолаева

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Қиналып тұрсаң - алда үлкен қуаныш болатыны анық
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2019-07-17/1153.html