Атырауда кәсіпкерлікке кедергі болатын мәселелер талқыланды

Атырауда аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мұнайлы өңірдегі ірі бизнес өкілдері мен шетелдік инвесторлар қатысқан жиында кәсіпкерлікті дамытудың жолдары талқыланды. Жалпы жаһандық қаржылық қиындықтарға қарамастан, отандық кәсіпкерлер тығырықтан жол тауып, бизнес жүргізудің тың тәсілдерін меңгерді. 

Өңірдегі кәсіпкерлік нысандарының саны 5 пайызға дейін кемігенімен, сапа артып, жалпы ішкі өнім 3 жарым пайызға көбейген. Қазір тек «Ұлттық мұнай химиясы технопаркінде» бірнеше ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар жергілікті өнімдермен қамту көлемі де артып келеді. Мәселен, аймақта биылғы жылдың төрт айында 135 миллиард теңгеге тауар сатып алынған,  оның 86 пайызы – қазақстандық өнім.  

Төлеміс Шотанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: -  Жалпы аймақта кәсіпкерлікті дамытуға қалыпты жағдай жасалып жатыр. Бірақ кедергілер де аз емес. Мысалы, жер телімін алу, аукциондарды өткізу тәртібіне өзгертулер енгізілгенін қалайды кәсіпкерлер. Түрлі рұқсат қағаздарын алу, құжат рәсімдеу кезінде де қиындықтар кездеседі. Бизнестің дамуын жаңа белеске көтеру үшін арнайы экономикалық аймақтарды көбейтіп, техникалық жағдай жасалуы қажет.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Атырауда кәсіпкерлікке кедергі болатын мәселелер талқыланды
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-17/696.html