Азияның атақты миллиардері Ли Жия Чыңның өмірі және саудадағы ұстанымы
Азияның атақты миллиардері Ли Жия Чыңның өмірі және саудадағы ұстанымы
2006 жылғы АҚШ-тағы «Мунделл» журналы жариялаған Қытайдағы 500 миллиардердің тізімінен 158 миллиард халық ақшасын құрайтын жалпы мүлкімен, сол тізімнің біріншілігін иеленіп тұрған Ли Жия Чыңның (Li Ka Shing) аты бүгінде аңызға айналған. (Дәл қазір оның жарна шегінің құлдырау жағдайына байланысты, Ма юн, Уаң жиян лиыңнен кейінгі үшінші орында тұрады). Ол – қазір байлығы жағынан Азиядағы алдыңғы үштікке кіреді. Саудадағы ұстанымы елден ерек. Әсіресе оның «сауда істеу үшін адам өзін түзеу керек» деген ұстанымы қызық-ақ. Аста-төк тұрмысқа, ысырапшылдыққа, бос уақыт жұмсауға, дүние-мүлікпен мақтануға ол қарсы. Атадан байлық қалмаса да күллі әлемді тамсантқан ірі байдың өмірінен дерек бере кетуді жөн көрдік. Тек қана кәсіпкерлер ғана емес, әрбір адам баласы одан үлгі алуға тиіс. Аудармашыдан
Ли Жия Чың 1928 жылы Гуаңдуң өлкесінің Чау Иаң деген жерінде дүниеге келген. Бір үйде ағайынды үшеу болатын. 1939 жылы толықсыз орта мектепті бітірген соң, Жапон армиясы ашқан сұрапыл соғыстарының күшеюіне байланысты оның отбасы, Гонконгқа қоныс аударған. Әкесі бастауыш мектептің мұғалімі және директоры болғандықтан, бала кезінен мұғалім болуды армандайтын. Алайда 15 жасында әкесі дүниеден өтеді де, ол бұл арманына жете алмайды. Содан бастап оның өмірі күйбең тіршілікке толы болады. Елге жалданады, жасанды гүл зауытына қара жұмысшы, одан гүл сатушы болып орналасады. Жатпай-тұрмай, алыс-жақын өңірлерге шапқылап гүл өнімін таныстырады. Сөйте жүріп түнін сабақ оқуға жұмсайды. Өйткені оның сол кездегі ақылшысы да, ең жақын досы да кітап болатын. Ол гүл сатудағы ерекше нәтижесімен көзге түсіп, сол зауыттың директоры болады. Сол жылы небары 20 жаста еді. Оның арманы асқақ, мақсаты ұлы болатын. Ал сол арманға жету үшін оған ақша керек. Ешқандай қамқоршысы болмағандықтан, оған тек тірнектеп ақша жиғаннан басқа амал қалмайды. Сөйтіп ішпей-жемей үнемдеуінің арқасында екі жылда 7000 доллар пайда табады. Ол сол кезде 22 жаста ғана бола тұра, гүл зауытының болашағы бар екенін сезеді. Өйткені Еуропада сол кезде гүл саудасының қызып тұрған кезі болатын. Еуропаның жасанды гүлге деген сұранысы өте зор еді. Ұлыбританияның отарындағы Гонконг үшін бұл таптырмас орай болды. Сондықтан, өзі секілді біреумен бірігіп жасанды гүл зауытын ашады. Алайда гүл зауытының саудасына оның көңілі тола қоймайды. Сөйтіп Италияға барып, өзінің Ганконгтағы гүл зауытының директор екеніне қарамастан бір жасанды гүл зауытында жүкші болып жұмыс атқарады. Сөйте жүріп гүлді қалай жасайтынын зерттейді. Мамандармен ішкерілей танысады. Оларды қонақ қылады. Пікір алмасады. Осының арқасында «Гүлге қалай рең береді?», «Қалай безендіреді?», «Қалай өңдейді?» деген секілді сұрақтарға жауап тауып, санасында жұмбақ болып келген жасанды гүл өндірудің құпиясын әбден меңгереді. Сосын Ганконгқа қайтып келіп гүл зауытын орнынан тік тұрғызады. Сол кезде оның өмірінде мынадай бір жайт жүз береді.
Ол сол кезде Ганконгтағы гүлді топтап сатып тұрған болатын. Оның бір еуропалық аларманы өте көп мөлшердегі гүлге тапсырыс береді де, гүл дайын болған кезде айнып кетеді. Бұл Ли Жия Чыңға өте ауыр соққы боп тиеді. Тіпті гүл зауыты осы бір себептен құрдымға кеткелі тұрған болатын. Әлгі аларманы Ли Жия Чыңға:
– Мен төлем төлеймін дейді. Ли Жия Чың болса, оған өз өміріндегі
тұрған болатын. Артынша күйредім де бүкіл ақшам желге ұшты. Сосын сіздің гүліңізден бас тартпасқа амалым қалмады. Алайда сіздің ерлігіңізге тәнті болғанымнан, бұл кемшілігімнің орнын қалай толтырарымды білмей отырмын, - дейді.
Бұл адам да, оңай шағылатын жаңғақ емес тұғын. Ол тіпті гүл нарығындағы өте ірі шонжарлардың бірі болатын. Осы толқудың әсерімен ол өзінің гүл саудасындағы күллі алармандарын түгелдей Ли Жия Чыңға әкеп табыстайды. Түсінген адамға бұл да үлкен ерлік іспетті. Себебі Ли Жия Чың секілді гүлдің, әрі арзан әрі топ базарын тауып алған алармандары бұған енді қайтып жоламасы анық еді. Ол осы ерлігімен Ли Жия Чыңның бүкіл шығынын өтемесе де, оның гүл зауытын күйреп қалудан аман сақтайды. Ли Жия Чыңның кәсібі қайтадан дөңгелей бастайды. Оның уәдеде беріктігіне байланысты басынан өткен мына бір жайды баяндағым келіп отыр.
Бір жолы оның үлкен ұлын бандиттер барымталап әкетеді де оған телефон шалып, 2 миллиард Ганконг ақшасын талап етеді. Және полицияға хабарласса, баласын өлтіретінін айтады. Мұны тыңдап болған Ли Жия Чың, оларға былай дейді.
– Сен жігіт болсаң ақшаны үйден келіп ал! Мен сені үйде күтем. Полиция шақырмаймын. Мен, Ли Жия Чың, ешқашан уәдемнен тайып көргем жоқ. Егер сенбесең, білгеніңді істей бер! Мейлі, баламды, өлтіргің келсе, өлтіре бер, – дейді де, тұтқаны тастай салады. Мысы құрған әлгі бандит оның үйіне келеді. Келсе Ли Жия Чың айтқанындай үйінде жалғыз өзі отыр екен. Ол былай дейді.
– Бүгін жексенбі, банктер істемейді. Үйде бары 1 миллиард қана ақша
екен. Осыны ала тұр. Қалғанын ертең банктен шығарып берем. Осыны ал да бара бер, ертең хабарлас дейді. Осыдан басқа тіс жарып дәнеңе айтпайды. Тіпті баласын сұрап та қоймайды. Ертесі күні уәдесінде тұрып, қалған ақшасын дайындап береді. Бұған таң-тамаша қалған әлгі бандит: – Неге полиция шақырмадың, маған мына ақшаны бермей қоюыңа да болатын еді ғой? – деп сұрайды. Сонда Ли Жия Чың оны тіпті де таңқалдыра түсіп.
– Біріншіден адам сөзінде тұруы керек. Екіншіден, адам өз кемшілігін білуі керек. Мен көп ақшам бола тұра, ұлыма оққағар мен жүргізуші жалдауды есіме алмаппын (оның ұлы мектепке өзі барып, өзі келетін). Бұл менің кемшілігім. Ал мен осы кемшілігімді білмей сені бас салсам, сөзімде тұрмасам, адамдығыма үлкен сын болмай ма? – дейді. Соңында бандитқа:
Алайда жасанды гүл өндірісінің болашағы қалмай бара жатқанын Ли Жия Чың болжап үлгереді. Сөйтіп гүл зауытын біреуге тездетіп сатады да, құрылыс компаниясын ашады. Бұл кезде жасы отызда болатын. Гонконгтағы адамның көптігі мен жердің тапшылығын ол өзіне берілген мүмкіндік деп ұғады. Сөйтіп жер сатып алып, оған үй салып, елге жалға бере бастайды. Ол қымбат жерді мүлде сатып алмайтын. Тіпті қымбат аудандардың өзінен күтіп жүріп арзанға сатып алатын. Ақшадан қиналса, елмен келісе отырып, алдын ала бар ақшасын алып, оған жер алып үй салып беріп, қалғанын кейін біртіндеп алатын. Сөзінде тұратынын білетін халық оған сенетін. Қомақты ақша керек болған кезінде банктен алатын. Ол осылай мол табыс таба бастайды.
Оның саудада мынадай мызғымас ұстанымдары болатын. Және осы ұстанымдарынан әрқандай ауыр кезеңдерде де ауытқып көрген емес. Бірінші ұстанымы – мейлі қандай ауыр шығынға ұшырағалы тұрсаң да, сөзінде тұр! Сауда жасаум үшін адам ең алдымен өзін түзеу керек! Өзін түзей алмаған адам, байлыққа жетпейді. Екінші ұстанымы – Тәкаппар болма, кішіпейіл бол! Үшінші ұстанымы – болжампаздық. Бір сауданың болашағын алдын ала сезіп, елден бес жыл бұрын кіріс! Ел сол сауданы енді істей бастаған кезде, сен баяғыда дамытып алып, алаңсыз дөңгелет. Яғни, ерте болжап, ерте кіріс! Төртінші ұстанымы – Әр қандай мүліктің қымбаттау шегі болады. Сосын күрт құлдырайды. Дәл құлдыраған кезінде сатып ал! Қымбат кезінде ешқашан жолаушы болма! Мәселен, қымбат жер немесе әрқандай бір қымбат бұйымды сатып алмақшы болып ақшаң жетпесе, мейлі он жыл өтсе де сабырлықпен арзандау орайын күт! Күндердің күнінде оның құлдырау дәуірі басталады. Бесінші ұстанымы – Еш жалықпастан кітап оқы және көп оқы. Көп үйрен. Әсіресе өзіңе маңызды кітаптарды. Адамға білім керек. Міне, ол осылай деген. Және осы ұстанымдарының арқасында, кешегі жетім бала бүгін Азияның ірі миллардерлерінің біріне айналып отыр.
Өмірінде алпыс жыл сауда істеп, соның бірде біреуінде сәтсіздікке ұшырамаған. Мұның себебі мынау. Телеарнадағы жаңалықты қалт жібермейді. Мемлекеттің саясатын жақсы білгендіктен, әрдайым, мемлекетке қажет, мемлекет қолдаған кәсіпті істейді. Істемек болған саудасын, асықпай түбіне жете зерттейді. Өз бәсекелесінің кемшілігін зерттейді.
Ол қазір Тайванда тұрады. Жасы биыл 88-ге келеді. Соған қарамастан күн ұясынан көтерілмей тұрып орнынан тұрып, бір сағат спортпен шұғылдануды, бір сағат кітап оқуды әдетіне айналдырған. Және осы әдетін ешқашан үзіп көрмеген. «Өз маңдай теріммен тапқан ақша, ешкім маған бір тиын берген жоқ» деп кеудесін ұрып отырған жоқ. Мүгедектерге, жетім-жесірлерімен, жұт жайлап, апат ұялаған өңірлерге аянбай көмектесіп келеді. Ерте болжағыштығы сондай, өткен жылы Қытайдың кейбір өңірлерінен өзінің құрылыс компаниясын шығарып әкетті. Біреулер таңғалды. Енді біреулері: «Шал алжыды, ақша керек болмай қалған ба?» деп түйді. Бір жыл өтпей, тура сол өңірлерде үйдің бағасы күрт арзандап, көптеген құрылыс компаниялары ауыр шығынға ұшырады. Ал Ли Жия Чың шығыннан аман қалды. Себебі, әлгі өңірлерде, келесі жылы үй бағасының түсетінін, ол бір жыл бұрын сезген болатын.
Қытайшадан аударған
Ермұрат ӘБІКЕНҰЛЫ
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Азияның атақты миллиардері Ли Жия Чыңның өмірі және саудадағы ұстанымы
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-04-30/577.html