Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды
Таныстырылым ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың қатысуымен өтті.
Көшпелі және ішкі туризмді дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 10 негізгі бағыттан тұрады. Оның бірі – туризмге арналған әлеуетті территорияны анықтау.
Министрлік зерттеу жүргізіп, елге туристердің ағынын қамтамасыз еткен үздік 10 жерді анықтады. Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында 600 млрд теңге басымдыққа ие жерлерді дамытуға тартылатын болады.
«Қазақстан – туристік жерлері көп үлкен мемлекет. Барлық жерлерді бірдей дамытуға қаражат көзі жетпейді, сондықтан біз анағұрлым тартымды территорияны белгіледік. Мәселен, туризмді дамыту картасына Алакөл мен Балқаш жағалауы, Алматы мен Алматы облысы тау кластері кірді», – деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрінің кеңесшісі Еркебұлан Хасенов.
Картаға барлығы 60 объект енді, олардың басым бөлігі өңірлерде орналасқан. Жаңа бағдарламаға сәйкес басымдыққа ие 10 жоба салықтық жеңілдіктер алады. Сонымен қатар бұл территорияларда басқарушы компаниялар құрылады, оларға арнап жер учаскелері дайындалып, қажетті сыртқы инфрақұрылым тартылады.
Негізгі шаралар тізіміне туризм саласындағы бизнеске жеңілдікпен несие беру шарасы енді. Аталған шара 20 жылға дейін 14% мөлшерлемемен несиелеуді қарастырады, мөлшерлеменің жартысын мемлекет субсидиялайды.
Бағдарламада сондай-ақ маркетингке баса назар аударылған. Еркебұлан Хасеновтың айтуынша, әлемде Грузия, Қырғызстан, Әзірбайжанның туристік аймақтары танымал, бұл нақты жұмыс пен үлкен бюджеттің нәтижесі.
«Бюджетті 7 млрд теңгеге дейін ұлғайту мақсатында BED TAX – тәулігіне 1 жатын орын үшін туристерден 2 АҚШ доллары мөлшерінде туристік жинауды енгізу керек. Осы ретте хостелдер мен мейман үйлерге тоқтаған туристер бұл төлемдерден босатылады. Бұл шара келешекте бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтатын болады. Пилоттық жоба Астанада іске асады», – деді Хасенов.
Бағдарлама аясында e-Visa және е-Hotel жүйесін енгізу және «шақыру» опциясын алып тастау ұсынылды. Сонымен қатар министрлік бос ауаның 5 сатысы бойынша «Ашық аспан» саясатын енгізу ұсынысын алға тартты.
«Шығындардың үлкен үлесін автокөлікке кететін шығандар құрайды. Біз Астана, Алматы, Ақтау және Шымкент үстіндегі бос ауаның бесінші сатысын енгізуді ұсынамыз, әрине отандық авиа тасымалдаушылар мүддесі ескерілу керек. Осылайша шығындар азаяды, ұшу билеттерінің өзінен 20%-ға дейін қысқару орын алады», – деп айтылды таныстырылымда.
Бағдарлама әзірлеушілері авиакеросинге деген бағаларды мемлекеттік реттеуды қайтару, авиакомпанияның отын сатып алу шығындарын субсидиялау, «Kids go Free» қағидасы бойынша оқу демалысы кезінде балалардың ұшуын субсидиялау ұсынылды. Осы шаралар ел ішіндегі саяхатты ынталандырып, жолаушылар ағынын ұлғайтады.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың пікірінше, бағдарлама шын мәнінде стратегиялық міндеттерді қамтып отыр, алайда онда шағын бизнесті қолдаудың ынтыландыру шаралары жоқ. Спикер Өзбекстанда қолданыстағы бағдарламаны мысалға келтірді.
«Онда бизнес өкілдері инфрақұрылым объектілерін салуға мемлекеттен субсидия ала алады. Немесе қонақүйлер мен отельдерді «жұлдыздарды» алуға ынталандыру. Бізде мұндай аудит шамамен 300 мың теңге тұрады, соның нәтижесінде елдегі отелдердің небәрі 8,5%-ында «жұлдызы» бар. Осындай мотивацияны құрайық, шығынның жартысын болса да өтеп берейік. Бизнес бұл жүйені енгізуге, онақтарға ұсынып отырған жағдайды жақсартуға дайын болады. Өкінішке қарай бұл шаралар, және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша басқа да ынтыланлдыру құралдар бағдарламада қарастырылмаған», – деп мәлімдеді Олжас Ордабаев.
Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Бағдарлама жобасының қазіргі нұсқасын мемлекеттік органдар алдында қорғау керек екенін айтты.
«Көптеген шараларымыз қауіп алдында тұр, көп шараларды «кесіп», дәйектерімізбен келіспей отыр. Қайтадан қызметсіз сөреде шаң басып жататын құжат аламыз деген болжам бар. Өйткені, әр мемлекеттік органның өзінің функциясы бар, соны орындауға тырысады. Қаржы министрлігі барынша аз қаражат бөлуге, тіпті бөлмеуге тырысады. Экономика министрлігі де экономдайды. Сондықтан барлық мүдделі тараптардың қолдауынсыз біз мақсатқа жете алмаймыз. Бізге барлық алаңдарда белсенді қолдау керек», – деді Ерлан Қожағапанов.
Бағдарламаның негізгі әзірлеушілерінің (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі) айтуынша, құжатқа кірген шаралар Қазақстанға 2023 жылға қарай ЖІӨ құрылымында туризм үлесін 8%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Туристік салада жұмыс істеп жатқандар санын 400-ден 650 мың адамға дейін арттыруға, сыртқы туристік ағынды 6,5-ден 9 млн келішулерге дейін, ал ішкі туристерді 4,6-дан 8 млн адамға дейін ұлғайтуға жол ашады.
Алия Кемелбекова
"Атамекен" ҰКП сайты
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2018-10-22/1120.html