Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді
Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді
Адам ағзасына пайдалы жемістердің бірі – алмұрт. Алмұрт - иісі жұпар, тәтті дәмі бар, пайдасы мол жеміс. Бұл жемістің пайдалылығы ертеден-ақ белгілі болған.
Ертеде алмұрт тек махаббат, нәзіктік, сыйластық белгісі, денсаулық нышаны деп бағалаған. Алмұрт ағашының жапырақтарымен дене жарақаттарын таңған, ал жаңа жемістен жас босанған келіншектерге «күш жинасын» деп дәм таттырған. Бұл жеміс әлсіреген ағзаға күш береді. Одан өзге де денсаулыққа пайдасы жоғары.
Алмұрттан дайындалған нәрсуды күніне 3 рет ішсе, зәр шығаратын жолдардағы дерттерден айықтырады, қабынудан сақтайды.
Қант диабетімен ауыратын жандар алмұртты балғын күйінде немесе кептірілген түрін жесе пайдалы. Сонымен қатар, күніне тамақтанардан алдын (30 минут) 40-50 грамм алмұрт шырынын ішу ағзаға күш береді.
Алмұрттың кейбір сұрыптарының 20 %-ын илік заттар (дубильное вещество) құрайды. Оны пайдасы – ішек жолдарындағы микробтарды сыртқа шығарады.
Адам ағзасы қатты әлсірегенде алмұрт қайнатпасы мен нәрсуын ем ретінде ішкен жақсы. Сондай-ақ, жүректің қағысын реттейді. Бұлшықет пен жүйкедегі шаршауды басады.
Алмұрт жемісін ашқарынға жеуге болмайды. Сонымен қатар жемісті жегеннен кейін артынан су ішу мен ет жеуге болмайды. Ал тамақтан соң 30 минуттан кейін ғана алмұртты жеген дұрыс. Қарт адамдар жұмсақ әрі толық пісіп жетілген алмұртты жегені дұрыс.
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Алмұрт әлсіреген ағзаға күш береді
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-08-26/909.html