Махаббат – бұл фәнидің мұғжизасы емес
Махаббат – бұл фәнидің мұғжизасы емес
Біз әруақ болатын өмірдікі.
Ол жақта махаббат басқа. Мына жақта үйреніп қалғандай емес. Саф таза қуат. Ашық әрі бәріне жететін. Шартсыз. Даусыз. Құнсыз. О дүниенің қуаты. Соның азығы, оттегісі. Бар болудың жалғыз пішіні.
Мұнда басқаша. Мұнда бәрі басқаша. Мұнда қарым-қатынас бар. Өзінің ережесімен, ойынымен. Адамның «Мені» ойлап табатын сценариймен. Адамдар соны махаббат деп ойлайды.
Жер бетінде кейде махаббат боп тұрады. Жарқ етер сәуледей. Жылдам. Қысқа. Дөп. Адамдар ұстап тұра алмайды. Саф көңіл, мүлтіксіз сенім, шексіз ашықтық ұзаққа жетпейді. Рух өзін аз ғана уақытқа ашады. Ал сосын... Сосын қарым-қатынас. Кей адамның жолы болады – олар етене жақын рухты таниды. Болмысы есінде қалғандар. Пенде баласының басына сирек қонатын бақ соларға бұйырады. Махаббат. Санаулы жұп. Мүмкін ондаған, әлде жүздеген. Мыңдаған емес. Миллион деп ауыз ашудың қажеті жоқ.
Елу жыл тату-тәтті өмір кешеді. Осылай болады. Себебі соған сену керек, сол сезімге еру керек. Шартсыз. Жалтақсыз. Жан дүниеңдегі сол байланысқа сену қажет. Соған еру керек.
Адамдар сене алмайды. «Менікі» кедергі келтіреді. Шектеулі тұлға. Тәжірибе. Үрей. Стереотиптер. Адамның рухани болмысына сенбеу. Бірегей санаға сенбеу.
Өмір. Кәдімгі, қарапайым, әдеткі. Сезімге терең бойламауға үйретеді. Бетін ғана білесіз. Ыңғайлы әрі жайлы. Түсінікті әрі ұстап көруге болады. Көрініп тұр. Сезінесің. Рухты тыңдайтындар сирек. Шу көп.
Адамдар ақылдың соңына ереді. Талдау, логика, сол сияқты дүниелерге қатты сенеді. Сезгеніне сенбейді. Ілім ақылда өмір сүретіндей көреді. Жүрек жабық. Осылай өмір сүрген оңай. Ажалға дейін соза тұрсақ дейді. Уайымсыз.
Рух бірден әрі мәңгіге талап етеді. Толықтай. Бүтіндей. Жартылай не ыңғайлы болғанды түсінбейді. Ол бәрі. Бәрінде өмір сүреді.
Өн бойынан осыны сезінгендер болмашыға көнбейді. Іздейді. Күтеді. Болмашыға көнбейтінді. Көнгісі келмейтінді. Бір көріп керек емес. Терең әрі мәңгіге боп шығады.
Рух рухқа келеді. Көз алдына көрсету үшін. Елесті өмірге айналдыру үшін. Тағы да сезіну үшін. Үйдегідей. Махаббат. Етене жақын.
Себебі, шынайы деген – о дүниедегідей. Ал мұндағылардың бәрі – суррогат.
Лилия Ахремчик
Аударған Шынар Әбілдә
asiainfo.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Махаббат – бұл фәнидің мұғжизасы емес
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2019-05-23/1137.html