Дмитрий Брилов: Өзгеріс

Өзгеріс 

Мейірім мен махаббат адамды жақсы жағына қарай өзгертеді деген сөз бар. Шын өмірде бұл жүзеге аспайтынымен қоймай, тіпті керісінше әсер етеді. Әлі есеймеген, еркетотай, осал, дұрыс қарым-қатынас құра білмейтін серігіңе білдірген махаббат пен мейірім оны өзгертпек түгілі, жаман мінезін асқындырып жібереді. Сені жоғалтып алуға шын қорыққанда ғана адам өзгереді. Тек ол өзгеріп бастағанда қолдап, мақтап отыруды ұмытпағайсың. Мақтау сол сәтте ғана лайық жемісін бермек. 

Алайда мұндай адамдар "сенің сынап-мінегеніңе бола өзгергім келмейді" деп қырсығады. "Алдымен мені жақсы көр, сосын өзгерем" деп күпінеді. Мұнысы елес қуу. Сенбе.


Дмитрий Брилов

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Дмитрий Брилов: Өзгеріс
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2019-05-25/1140.html