Күн бұлтты болса да одан ләззат ала біліңіз

1. Күн бұлтты болса да одан ләззат ала біліңіз. Сол сияқты кезекте тұрудан, түрлі түйткілді мезеттерден, кез келген жағымсыздықты кәдеңізге жаратыңыз. Осындай мінез басыңызға қонған бұлтты шайып, әлеміңізді тазартады. Әр жағдайдың сізге не беретінін ғана түсініп жүріңіз. Пайдалы нәрсе айналамызда толып тұрғанына көзіңізді жеткізесіз. 

2. Қалауыңызды доғарып, алмаққа ниет етсеңіз, қолыңыз жетеді. 

3. Ең қиыны күту. Және де жағдайдың иесі болып сабыр сақтау тіптен күрделі. Түк болмайтын мезетті бастан кешуге төзім керек. 

4. Біреуді ұрсу немесе бір нәрсеге көңіл толмау – үкімет, шенеунік, футболистер, ауа-райы, әріптес, көрші, жақындарың, балаларың – сырттағы әлемнің айнасына жағымсыз түріңізді көрсетіп, дәл соған лайық жауап аласыз. 

5. Өзіңмен өзің болуға рұқсат ету – өзіңді бүкіл кемшіліктеріңмен қабылдау. Өзгеге өзгеше болуына мүмкіндік беру – өзіңнің одан күтетініңді қиялдамау. Нәтижесінде, бірі екіншісінен не қалайтынын білмей қиналатын жағдай өздігінен шешіледі.

6. Өз әлеміңізде өзіңіз қалаған киноны көресіз. Ненің суретін салсаң, соны көресің. Қазіргінің басты түйткілі бәрін керісінше істеуде: не көрсе, соның суретін салады. Айырмашылық бар ма?

7. Нағыз ғажайып қалыптасқан ескі ережені бұзғанда ғана есік қағады. Не табам деген емес, мақсатыма жетем деген ұстаным адамды өзгертеді.

8. Егер сіз «мына жалған дүниеге сыймай жүрсеңіз», яки «мына әлем не болып барады» деп ойлай бастасаңыз, онда сіз ояндыңыз немесе ояна жаздап тұрсыз – бұл дегеніңіз ғажап қой.

9. Егер ойыңызда бір нәрсені айналдырып, мақсатыңызға тура жүре берсеңіз, онда ерте ме, кеш пе ол жүзеге асады. Бүгініміздің басқа амалы қалмайды. Тек сіз тағдырға емес, тағдырда сізге байланған. Басты сұрақ - ауыздыққа кім ие.   

10. Нені істеуге болмайды десе, бірден өмірге көңіл толмаушылықтан құтылу керек дер ем. Өмірім текке кетті деп ойламаңыз. Неше жаста болсаң да, олай деу қателік. Бұл өмірде тектен тек ештеңе болмайды. Ол қазір басталып жатыр – кез келген жаста, ешбір ережеге қарамастан, ешқандай қиындыққа мойымастан. 

Вадим Зеланд

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Күн бұлтты болса да одан ләззат ала біліңіз
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-08-14/873.html