Тамрико Шоли : Бақытты әйелдер
Бақытты әйелдер
Ал, сіз қандайсыз?
Жолы болғыш әйелдер бар. Оларды Көктің өзі ақ батамен дүниеге келтірген. Олар тумысынан сүйкімді. Көзқарасы тартымды – бет-әлпеті, мүсіні, сөйлеу мәнеріне дейін құйып қойғандай жарасымды. Әкелері оларды әрқашан «ханшайым» атаған. Аналары небір әдемі көйлектерімен үлгі болып, жылы жымиысымен, мейірімімен өнеге көрсеткен.
Жолы болмай қалған әйелдер де баршылық. Күрделі сұлулық. Отбалысық шым-шытырық қайғы-мұң. Ата-анасы өмірде ең бастысы – ақыл дегенді ғана сіңірді. Шешелері өмір-бақи жалғыз көйлегін шешпей, ауыр қапшық көтерумен өтті. Әкесі ондай қыздарды ешқашан мақтамаған. Бірінші кездесуге барудың орнына алғашқы табысын тауып келуді білді. Олар ойлы, тұйық боп өсті. Ешқашан жіңішке бауы бар жеңіл жібек көйлек киіп көрмеді. Оларды кездесуге де сирек шақырады. Сондықтан мұндай қыздарға бәрін өздігінше үйренуге тура келеді. Жан дүниеңде ешқашан болмаған нәзіктікті тірілту, сүйкімді, тартымды, көңілді болу – тозаққа түсуден де қиын екенін ешкім ескере бермейді.
Тек ақылыңды ғана бағалап қоймай, тәніңе де ілтипатпен қарай білу өнер. Айнадағы өзіңді жақсы көріп үйрен. Жай көшеде келе жатып жымиюға дағдылану. Өзіңе ұнайтын күйді тыңдап, азаматтардың қалжыңдарына күлуді үйрену. Өмір сіңірген қатаң әдеттерді өзгерту. Маңдайға жазған қиындықтар мен шарттылықтарға қарамастан өзіңе – Сұлу болуға рұқсат ету.
Тамрико Шоли «Әйелдің жан дүниесі»
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Тамрико Шоли : Бақытты әйелдер
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2018-02-13/1050.html