Астанаға Тайсон, Мейвезер және Мұхаммед Әлидің қызы келеді

Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінде сақтау үшін тапсыру рәсімі өтті. Осылайша, WBC конвенциясының мерейтойлық 55-ші конвенциясы көрме кезінде Астанада өтетін болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл шара 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 500-ге жуық делегат қатысады, олардың арасында әлем чемпиондары және чемпиондыққа үміткерлер, белгілі меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар.

"WBC басшылығы Астанаға келуге ықылас білдірген боксшылардың үлкен тізімін жіберді: Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхаммед Әлидің қызы Лейла. WBC белдігін алған чемпиондар, олардың ішінде, әрине, Геннадий Головкин бар.Бұл кезде ол өзінің жекпе-жегіне дайындалатын болса да, біз оның Астанаға келуі үшін келіссөздер жүргізе береміз", — деп атап өтті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекқожин.

Конвенция аясында қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында ұйымдастырылады.

Кештің басты оқиғасы WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек болмақ, ол қырықтан астам елде көрсетілетін болады.


Дереккөз: Sputnik Казахстан

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Астанаға Тайсон, Мейвезер және Мұхаммед Әлидің қызы келеді
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-04-30/578.html