Грузияда шамды қолымен жағатын Зураб Бедия есімді елден ерекше адам өмір сүреді
Грузияда шамды тоққа қоспай-ақ өз қолымен жағатын Зураб Бедия есімді елден ерекше адам өмір сүреді.
Зейнеткердің тосын қабілетке қалай ие болғаны туралы оқиғаның өзі де қызық. Ғалымдар қазір оның мүмкіндігін пайдаланып, адамдарды аурудан айықтыратын арнайы құрылғы жасауды ойластырып жатыр.
Зураб Бедия бойындағы ерекше қасиетті ағасының қазасынан кейін байқайды. Марқұм жер қойнауына берілген соң 40 күннен кейін түсіне еніп, үйдегі шамды ауыстыруды сұраған.
Зураб Бедия (Грузия):
- Мені бұл түс таң қалдырды. Неге ағама шамды ауыстыру қажет болды екен деп ойладым. Ол кезде жағдай қиын еді. Үйлерге электр жарығы айлап берілмейтін. Бірақ сонда да шамды ауыстыруға бел байлап, оны ағытып, қолыма алып едім жана бастағанын көрдім.
Зураб Александрович тек күндізгі жарықтың шамдарын жағады. Ал басқа шамдарды қолына алса атылады. Осыдан кейін жағдайды ғалымдарға айтып, олар оның бойындағы сиқырды зерттеуге кіріседі. Грузияның политехникалық университетінде ғылыми штаб құрылып, Зурабтың науқастарды емдейтін қасиетке ие болғанын анықтайды. Бұл мамандарды «Бедияның биокорректорі» құрылғысын құруға шабыттандырады.
Гурам Купатадзе, ғылыми штабтың жетекшісі:
- Әлемде Зураб сияқты адам жоқ. Алғашқы зерттеулерден кейін біз оның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, адамдарды емдейтін бірегей құрылғы жасай аламыз деген шешімге келдік. Биокорректор адам ағзасын қадағалап, оларды түзете алады.
Зураб Александрович қазір шамдарды қолмен емес, оймен жағу қабілетін дамытып жүр. Сонымен қатар телекинез қасиетке ие болудың қыр-сырын меңгеріп жатыр.
Авторлары: Анна Анастасиади, Шалва Сурамелашвили
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/175130-zurab-bediya-esimdi-elden-erekshe-adam-mir-s-redi
www.24.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Грузияда шамды қолымен жағатын Зураб Бедия есімді елден ерекше адам өмір сүреді
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-04-30/579.html