Ержан Жұмабектің өлеңдері түрік тілінде кітап боп шықты

Ержан Жұмабектің өлеңдері түрік тілінде кітап боп шықты

Түркия Республикасы "Medeniyetin Burçları' қоғамдық ұйымының басшысы Али Дурсунның қолына ғалым, полиглот, аудармашы, Нийдедегі Өмер Халисдемир университетінің докторанты Қуаныш Жұмабек пен Кайсеридегі Эрджиес университетінің докторанты Самал Жұмабек жəне түрік ақыны, филология ғылымдарының магистрі Несил Алагөз тəржімалаған қазақ ақыны Ержан Жұмабектің түрік тіліндегі өлеңдерінің қолжазбасы түскен. Ақынның жырлары көңілінен шыққан соң, кітап қылып басуды ұйғарған. Осылайша түрік ағайындар Ержан Жұмабектің 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан "Шексіздік шұғыласы" кітабын 2017 жылы "Sonsuzluk Şûlesi" деген атаумен Ыстамбұлдағы "Ezgi" баспасынан шығарды. Аталмыш кітаптың түсаукері ақынның қатысуымен Кайсери қаласында өтті.

Ержан 3.JPG

Шығармашылық кешке Кайсери қаласы Коджасинан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Забит Кекеч сияқты Түркияның білім саланың адамдары мен ғалымдары, Эрджиес университетінің студенттері мен түрік еліндегі қандастарымыз қатысқан. Осыған орай, ақын Ержан Жұмабектің өзімен сұхбаттасқан едік.  

Ержан Жұмабек: - 1991 жылы Қазақстанның тəуелсіздігін ең бірінші мойындаған түрік халқын жақсы көрем. Кезінде ақынымыз Мағжан Жұмабаев өлеңмен хат жазып, рухани жағынан қолдау білдірген. Тек, өлең емес, қазақ даласынан кімнің неге жағдайы келеді, соны жинап, яғни, алтын, күміс т.б. дүниелерді алып, Мəскеудегі түрік елшісіне қазақ елінің көмегі деп материялдық көмек те көрсеткен деседі. Түрік ақыны Фейзуллах Будак 80 жылдан кейін жауап берген еді. Осындай байланыстарымыз көп. Биыл 2017 жылы менің "Шексіздік шұғыласы" атты кітабымның түрік ағайындарының қолдауымен түрік тілінде жарық көруі үлкен қуаныш. Қазақ поэзиясының дамуына тамшыдай болсын үлесімді қостым деп ойлаймын. Кайсериде өткен "Sonsuzluk Şûlesi" атты кітабымның тұсаукесері ойымнан шықты. Өте жақсы ұйымдастырылған. Орайы кеп тұрғанда кітабымды түрік тіліне тəржімалаған ғалым, аудармашы Қуаныш пен Самалға жəне түрік ақыны Несил Алагөзге алғысымды білдіремін. Поэзия кешіне мені қолдап келген түрік ағайындар мен қазақ бауырларға да рақмет! Қазақ елі мен Түркия жасай берсін! 


Саят Камшыгер

Қабылан ақпараттық порталы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ержан Жұмабектің өлеңдері түрік тілінде кітап боп шықты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-12-15/983.html