Жастар орталықтары – бос сөз емес, тек одан қажеттіні ала білу керек!

Жастар орталықтары – бос сөз емес, тек одан қажеттіні ала білу керек! 


Бүгінгі қоғам – іскер де белсенді, қолынан кәсіп келетін, білімді де еңбексүйгіш жастардың әскерінен тұрады. Неге жастар деп қана айтып отырмыз.  Өйткені, жастар қай уақыт көшінде де негізі буын болып табылмақ. Сонымен, жастар саясаты мәселесі елімізде кең тақырыпқа айналғалы қашан. Оларға үнемі көңіл бөлу және қолдау қажеттілігі оң бағаға ие. Айталық, халықтың да жастардың да үлкен шоғыры орналасқан Алматы қаласында жастар орталықтарының саны артып келеді. Мәселен, осы жылы аумақ-аумақты қамту бойынша, Алатау аудандық жастар «Almatyzhastary» орталығы ашылған болатын. Қыркүйек айында ғана іске қосылған бұл орталықта, өмір сүруге ең қажетті дүние – кәсіпкерлік меңгеру болса,  жан-жақты өткізіп жүрген шараларымен және жұмыстарымен осыған баулуда. Жалпы, кәсіптік бағдарлауға қатысты жастардың басын қосып, тегін түрде түрлі шеберлік сыныптарын өткізіп келуде.  Негізінен, тақырыпты  «Мамандық таңдау және жақсы маман болу жолдары» деп алып, осыған қатысты айтары бар адамдарды апта сайын тренинг түрінде  өткізуді орталық дәстүрге айналдырған еді. Алатаулық жастар орталығы, бұл жобаның шымылдығын қазан айында EDTECH-KZ халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың дәрісі ашқан еді.       Шеберлік сағатында Ғани Бектайұлы жастарға жақсы маман болудың қыр-сырын нақты ашып көрсетті. Болашақ маман иесінің - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілеттілігін дамыту, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу жайын қадап-қадап айтты. «Ол үшін жастардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше тани алуға, қолдана білуге, жақсы маман болуға көмектесу біздің басты мақсатымыз» дейді білікті басшы Ғани Бектаев.

Бұдан кейін осы тақырыпты танымал журналист Бейсен Құранбек өткізді. Бейсен Құранбек жастарға, жеткіншек жасыңан өз ісінің шебері болу керектігін біліп өсу туралы кеңінен талқылады. «Біз жоғары сыныпқа келгенде, баланы ҰБТ-ға дайындал деп, бөлмесіндегі үстелге байлап қоямыз.  Үйдегі шаруаға да жұмсамаймыз. Белгілі бір кәсіпке де баулымаймыз. Содан келіп, ол жоғарғы оқу орнында түсіп,студент болады. 4 жылды аяқтап та қалады. Сөйтіп келгенде, оның жас 22-ге де келеді. Я үй шаруасына ебі жоқ, я қолынан жұмыс істеу келмейтін баланы қоғамға алып келеміз. Бұл ең үлкен қателік дер едім. Өйткені, оның буыны қатып қалды. Сондықтан, 14-15 жасынан бала еңбекке араласу керек. Қандай салаға ебі бар, соның өндірісіне апарып тәжірибе жүзінде көру керек. Қыз бала да, ұл бала да бұдан бөлек тілалғыш, еңбексүйгіш болып өсу керек. Ол, сонда ғана қай істің болсын нағыз маманы болып қалыптасады. Ал, жақсы маман ғана, жақсы өмір сүреді. Жақсы отбасын құрады»-деді Журналист Бейсен Құранбек. 

Жалпы, жастар арасында кәсіпкерлікті жандандыруға алып келу үшін дәл осындай шаралар алғашқы баспалдақ болып есептеледі. Алғашқы бастама. Ал, мұндай игі жобаларды жүзеге асырып жүрген жастар орталықтарының қызметі шыныменде қажетсіз деуге келмейтініне көзіңіз жетеді. 

Мөлдір Бегімбет


22539955_1994695404141401_6729690818401912994_n.jpg

22710987_1507277572651530_3722919914650992640_n.jpg

IMG_3093.JPG

IMG_4347.JPG


IMG_4487.JPG

IMG_4491.JPG

IMG_4564.JPG

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жастар орталықтары – бос сөз емес, тек одан қажеттіні ала білу керек!
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-11-29/982.html