Жапонияда бастау алған ерекше фестиваль Ресейде жалғасын тапты
Мәскеуде компьютерлік ойындар, комикстер мен қиял-ғажайып хиқаялардың жанкүйерлері сүйікті кейіпкерлерінің кейпіне енді.
Жапонияда бастау алған фестиваль Ресейде жалғасын тапты. Шараға келген жұрт ерекше киім үлгілері байқауын тамашалап, кибер спорт сайысына қатысуға мүмкіндік алды. Алдымен, атауына үңіліп көрейік. Косплей - кәдімдгі маскарад дегенді білдіреді екен. Оған қатысушылар фантастикалық фильмдер мен комикс кейіпкерлерінің киімін киіп, образдарын сомдайды. Ғажайып алаңға келгендер әп-сәтте «болашаққа»оралып немесе «Жұлдызды шайқас» патшалығынан бір шығуы мүмкін. Немесе ақырзаман әлемінде аман қалған соңғы адам болуы ғажап емес. Ойын әлемдері мен сюжеттерінің саны қиял өрісі секілді шексіз. Жастар сүйікті кейіпкерін сомдау үшін күрделі грим жасап, силикон мен пластиктен тұратын салмағы ауыр костюмді киюге дайын.
Екатерина, фестивальге қатысушы:
- Жаңа рольге ену үшін екі-үш сағаттай уақыт кетіп жатады. Оның бәрі костюмді киюге көмектесетін адамға да, костюмнің бірден ыңғйлы болып қонуына да байланысты. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын болған соң өзімді ханшайым секілді сезінемін. Себебі мені басқалар алып жүреді. Жағдайымды айтсам, алғашқы екі сағат жақсы жүрдім, кейін қапырықтан тынысым тарыла бастады.
Мәскеуде ұйымдастырылатын Комиккон фестивалі Ресейдегі ең ауқымды шаралардың бірі. Онымен бірге киберспорттан да турнирлер өтіп жатыр. Шара аясында компьютер ойындарынан жарыс өткізіліп, виртуалдық шынайы және жанама әлем туралы көрмелер ұйымдастырылған.
Евгения Герасимова, фестивальге қатысушы:
- Біз әртүрлі шараға қатысып, көңіл-күйін көтеру үшін ауруханада жатқан балаларға барамыз. Олар біздің кейіпкерлерді көріп, қуанып қалады. Сонымен қатар, біз қайырымдылық шараларымен де айналысамыз. Бәріміздің де жұмысымыз бар және оқимыз да. Әркімнің өзінің жеке өмірі бар. Ал бұл біздің жеке ермегіміз. Өзімізге ұнайды.
Үш күндік фестиваль Косплей әуесқойларына күнделікті тірліктен бір сәт бас көтеріп, ойындардағы ертегі әлеміне сапар шегуге мүмкіндік береді.
Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/175391-zhaponiyada-bastau-al-an-erekshe-festival-resejde-zhal-asyn-tapty
www.24.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жапонияда бастау алған ерекше фестиваль Ресейде жалғасын тапты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-02/581.html