Әрбір кәсіпкер өзін-өзі қорғай алатындай жүйе қалыптастыруымыз қажет
Рустам Жүрсінов: Әрбір кәсіпкер өзін-өзі қорғай алатындай жүйе қалыптастыруымыз қажет
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша ынтымақтастықтың жаңа бастамаларын таныстарды .
Атап айтқанда, бизнеске қойылатын жоғары талаптарды жою. Сыбайлас жемқорлық қауіпсіздігін жоюдың оң тәсілі – мемлекеттік органдардағы процестерді автоматтандыру.
«Бүгінгі күні түйіткілдердің бірқатар тізімін талқыға салатын боламыз. 2016 жылдың желтоқсан айында 16 сала бойынша сыбайлас жемқорлық қауіпіне сараптама жасалып, Агеттікпен бірлескен жұмысқа байланысты Жол картасына қол қойылған болатын. Аталмыш салалардың барлығы дерлік кәсіпкерліктің бүкіл тарапына әсері бар», – деді Рустам Жүрсінов.
Жер мәселелерінен бастап, салық, кеден мәселелері бизнес саласына тікелей не жанама қатысы бар. Мониторинг тобының нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінде «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қажетті кездесулер өткізіп, егжей-тегжейлі сараптама жасап, нәтижесінде 800-ге жуық ұсыныс айқындады. Бүгінгі форумда агенттік тарапынан аталмыш мәселелер бойынша толық ақпарат айтылды.
«Биылғы жылға арналған Жол картасы дайындалды. Жол картасы 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп, жоспар бойынша 16 іс-шара ұйымдастырылады. Бірінші бағыт – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын сараптау. Биылғы жылы салалық бағытта жүйелі жұмыс атқаруды көздеп отырмыз. Ауыл шаруашылығы экология, кеден, техникалық реттеу, монополияға қарсы іс-қимыл және де құрылыс мәселелері бойынша жоспарлар бар», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Спикердің айтуынша жоғарыда аталған салалардың таңдалу себебі құрылыс бойынша «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингісі бойынша Қазақстанның позициясы 30%-ға төмендегеніне байланысты басты назарға алынып, мұның негізгі факторларының бірі әкімшілік кедергілер, әртүрлі қағазбастылық рәсімдер екендігі түсіндірілді.
«Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, бизнес ахуалы бойынша сараптама сыбайлас жемқорлық қауіпі бар екендігін айқындады. Бірінші кезекте бұл мәселе субсидиялауға байланысты. Соңғы уақытта бизнестің жауапкершілігін арттыру бойынша Ұлттық палатаға да сұрақтар көп қойылады. Бизнестің жауапкершілігін ешкім жоймағандығын түсінеміз. Тауарлардың, азық-түліктің қауіпсіздігі де өте маңызды әрі басты назардағы салалар», – деп мәлімдеді Басқарма Төрағасының орынбасары.
Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін жоғарылату негізгі жұмыс бағытының бірі болмақ. Ұлттық палата Басқармасының орынбасарының айтуынша басты мақсат: әрбір кәсіпкер өзін өзі қорғай алатындай жүйе қалыптастыру. Сол себепті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесе құқық қолданушылық тәжірибе бойынша сараптама жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылықтар, ҚР 361, 365 қылмыстық кодексіне байланысты және де қазіргі таңдағы парадигма – цифрландыру бойынша заңнаманы жетілдіруге сәйкесінше ұсыныстар дайындау қолға алынды.
Үкіметпен цифрландыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижесінде мемлекеттік қызметтің анағұрлым қаупі бар 50 түрі іріктеліп, бизнес-процесстерге терең талдау жүргізілді, артық рәсімдер мен құжаттар қысқартылды.
«Бұл болашақта цифрландыруға және автоматтандыруға жақсы база болатыны белгілі. Жыл сайын форум аясында осы сынды Жол карта бекітіліп, жұмыс бағытын анықтау жүйелі жұмыс көрсеткіші. Мәселен, бүгінгі басқосу ауқымында өткен жылы қандай жұмыс істеліп, қандай жұмыс аяқталмағаны, биылғы жылға қойылған басты мақсаттар анықтау бойынша талқылау жасалды», – деп қорытындылады Рустам Жүрсінов.
Алия Кемелбекова
"Атамекен" ҰКП сайты
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Әрбір кәсіпкер өзін-өзі қорғай алатындай жүйе қалыптастыруымыз қажет
Тұрақты сілтеме: /A_news/2018-03-05/1076.html