Мессиден аумайтын ирандық көпшілікті таңғалдырды (сурет)

Әйгілі футболшы Мессиден аумай қалған ирандық елді таңғалдырды.

 

29 жастағы Тегеран тұрғыны Риза Перестес Лионель Мессиден аумайды. Өзі де аргентиналық футболшыға еліктейді екен. Бірақ ешқандай пластикалық операция жасатпаған. Тек сүйікті футболшысының имиджін (шаш бояу, шаш қию, сақал өсіру, т.б.) жіті бақылауда ұстайды.

Риза Перестеске туыстары мен достары әлдеқашан Месси деп ат қойған. 

Көшеде көргендер де таңданыстарын жасыра алмайды екен.

Ал әуежайда жұрт қолтаңба сұрап, суретке түсу үшін кезекке тұрған сәттер де көп болған.

Риза Перестестің Мессиден айырмашылығы – артық салмағында. Жақын күндері артық салмақпен күресті бастамақ, деп жазады Vesti.kz.



Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/175518-messiden-au

www.24.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Мессиден аумайтын ирандық көпшілікті таңғалдырды (сурет)
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/595.html