40 жастағы мұғалімін жар етуге уәде еткен16 жасар оқушы франция президенті атанды

Әдетте өзге елдердегі президент сайлауы пікірталасқа, өзара ғайбаттауға толы өтетіні белгілі. Францияның бұл жолғы сайлауы кілең жұлдыздар рөл алған спектаклге көбірек ұқсады.

Спектаклдың бас қаҺарманы — әрине Эммануэл Макрон.

Франция уақытымен 7 мамыр кеште жарияланған мәліметтерге сай, бұрынғы экономика министрі, «Алға» партиясының жетекшісі Эммануэл Макрон, екінші реттік дауыс беруде 65% дан жоғары дауыс жинап, франция президенті атанды. Енді ғана 39 жасқа толған Макрон францияның 60 жылдық тарихындағы ең жас президенті болмақ.

063eb9fa.jpg

Макрон туралы айтсақ ең алдымен «Келісті жігіт» деген тіркес ойға оралады. Ол францияның әйгілі Паридж экономика институтын бітірген. 1999-2001 жылдары танымал философ Поля Рикёраның көмекшісі болды. 2004-2008 жылдары франция экономика министрлігінде инспектор қызметінде болды. 2008 жылы Ротшильдом әулетінің банкынде басшылық қызметтер атқарды. 2012 жылдан бастап Президент Олландтың экономикалық кеңесшісі болды. 2014 жылы Олланд оны

экономика министрі етіп тағайындады. Сонымен 1962 жылдан бергі ең жас министр болып қалды.

4891896d.jpg

Олланд үшін айтқанда Макронды экономика министрі ету қатерлі саяси ойынға тәуекел етумен бірдей еді. Франция экономикасы тоқыраған тұста Олланд көптеген солшылдарды жұмыстан босатқан еді, ана сүтінің дәмі аузынан кетпеген жас қаржігерді маңызды міндетке тағайындау, солшылдар партиясын ашықтан ашық масқаралаумен бірдей еді, дегенмен Макрон халықтың үмітін жерде қоймады, аз уақыттың ішінде франциядағы ең тартымды саясаткерге айналды.

Сайлаудың алғашқы сатысында Макронның нәтижесі ойдағыдай болмады, оған себеп сайлауалды бағдарламасының87e239ec.jpg

болмауы. Ел ішінде оның «Бағдарламасыз мырза» деген лақап аты да тарап кетті. Тіпті кейбіреулер оны дәмі тәтті бірақ қарын тойдыруға жарамайтын «Макрон» деген франция тағамына теңеп әзілдеп жатты. Десе де Макронның наурыз айында жариялаған «Қорғаушы сипатындағы европа құру» атты бағдарламасы халықтың оң назарына ілікті.

Макронның қызу қолдауға ие болуы, «сүйекке сіңген ескі ережені» бұзып тастай алатын қасиетінде болса керек, оның бұл қасиеті өмірлік жарын таңдағанда айқын көрінді.

Макронның қолдаушылары арасында әйелдердің саны басым болған, оған себеп аңызға бергісіз оқушы мен мұғалім махаббаты болса керек.

Оның әйелі Брижит Троньё 20 жыл бұрынғы Макронның француз тілі мұғалімі еді. Өзінен 24 жас үлкен Брижит Троньё

биыл 63 жасқа толады.

a298ca06.jpg

Осы бір француз тілі апай өте салауатты болып, сабақты өте керемет өткізетін. Оқушылар оны ерекше қабілетті мұғалім ретінде өте құрметтейтін. Макронның оған деген құрметі уақыттың жылжуымен махаббатқа ұласқан еді. Брижит те пианиноны жақсы ойнайтын, тангоны тамаша билейтін Макронды ұнатып қалды. Макронның өлең жазатын қасиеті бар еді, Брижит болса үнемі Макронды тұрғызып өлеңдерін оқытқызатын, осылайша оқушылар да олардың бір біріне ғашық екенін сезе бастайды.

Бұл жағдайдан хабардар болған Макронның ата анасы оны жынданған шығар деп ойлады. Олар екеуінің махаббатына қарсы болды. Тіпті Макронды Паридждегі мектепке ауыстырды. Макрон бұл шешімге қарсы болмады, бірақ кетер алдында Брижитке: Мен қайтып келіп сізді аламын деді. Осыдан кейін біраз уақыт екеуінің байланысы үзіліп қалды.

Брижит «Махаббат бәрін жеңеді» деген тәмсілге қатты сенетін, Макронды қалайда табуға бекінген тіл мұғалімі Париджге келіп Макронмен қайта бас қосады. 2007 жылы екеуінің үйлену тойы болды.

3a377464.jpeg


Брижитің Макроннан бұрынғы отбасынан 3 баласы 7 немересі бар еді. Ал отыздан енді асқанМакрон немере бағудан да тартынып қалмады.


2d6b05dc.jpg

Келісті фигурасын жоғалта қоймаған Брижит пен Макрон қол ұстасып көшеге шыққанда әйгілі сән моделдеріне ұқсап кететін. Брижит әлі де болса күйеуінің иммидж кеңесшісі, ел алдында сөйлейтін сөзінің тезистерін де Брижит реттеп отырады.

Әйелінің қатаң басқаруында бола тұрса да, Макрон үшін осының өзі бақыт саналады. Оның осындай Мәжнүндікіндей махаббаты, өзінен жасы үлкен адамның басқаруына өз еркімен көнуі, француз әйелдерінің құрметі мен қолдауына ие еткен басты себеп болса керек.

Аударған: Сержан Қасен

"Қабылан ақпараттық порталы"

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » 40 жастағы мұғалімін жар етуге уәде еткен16 жасар оқушы франция президенті атанды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-10/653.html