АҚШ Конгресі Obamacare жобасын алып тастауды мақұлдады

Қазір әлемнің салмақты саясаткерлері мен белгілі сарапшылары Астана процесінің қорытынды құжатына үн қосып жатыр. 

Алғашқылардың бірі болып БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш қолдау білдірді. Естеріңізде болса, күні кеше аяқталған келіссөздер кезінде кепіл мемлекеттер Сирия аумағында төрт қауіпсіз аймақ құруға келіскен еді. Антониу Гутерриштің арнайы мәлімдемесін Бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжарик жариялады. Құжатта: «Бұл келісім сириялықтардың өмірін жеңілдету үшін аса маңызды. Бас хатшы қарудың барлық түрлерін, оның ішінде авиацияны қолдануды тоқтатып, гуманитарлық көмекті тез, қауіпсіз әрі кедергісіз жеткізу міндеттемесін құптайды», - делінген. Астаналық келісім 6 мамырдан бастап Идлиб провинциясы, Шығыс Гуте және Хомс аймағы мен елдің күнгей өңірінде жанжалдасушы тараптардың қақтығысын тоқтатуды көздейді. 

АҚШ Конгресі Obamacare міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасының күшін жою туралы заң жобасын мақұлдады. Елге Барак Обама басшылық еткен кезде қабылданған құжат әлеуметтік жағдайы төмен халықтың мүддесіне бағытталған. Реформаның қарсыластары оның аса қымбатқа түскенін алға тартқан. 

Мұнай бағасы өткен жылдың қарашасынан бері алғаш рет барреліне 47 доллардан төмен түсті. Бүгін Brent маркалы қара алтынның шілде айына арналған фьючерстері 3,16 пайызға арзандады. Баррелі 46,85 доллар төңірегінде тұрақтады. WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 2,75 пайызға, яғни баррелі 44,27 долларға дейін төмендеді. 

Мадрид қаласы маңындағы өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорында бірнеше жарылыс болды. 30 адам жарақат алды. Бірнешеуі ауыр халде. Билік өкілдерінің хабарлауынша, маңайдағы тұрғындардың денсаулығына қауіп жоқ. Қазір жарылыс себептері анықталып жатыр.  Мәскеуде 9 мамыр мерекесіне дайындық қызу. Әсіресе қызыл алаңда болатын әскери парадқа әзірлік қарқынды. Манеж алаңында күн сайын «Жеңіс хаттары» атты жарық инсталляциясын тамашалауға болады. Онда майдан даласында жазылған хаттар негізінде түрлі оқиғалар суреттеледі. Көпшілік үшін бұдан өзге де мерекелік шаралар ұйымдастырылған.

Дерккөз: Www.Khabar.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » АҚШ Конгресі Obamacare жобасын алып тастауды мақұлдады
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-06/627.html