Франция Ariane зымыранын ұшырды


Франция өзінің Куру ғарыш айлағынан Ariane зымыранын ұшырып, кеңістікке екі жер серігін алып шықты. 

Оның бірі Бразилия үкіметіне тиіесілі болса, екіншісі Оңтүстік Корея, Үндістан, Индонезия және Филиппин елінің ғаламтормен байланысын қамтамасыз етуге арналған. Зымыран сәтті ұшырылды, алайда ол көкке наурыз айының соңында аттануы керек еді. Бірақ жергілікті жұмысшылардың ереуілге шығуының салдарынан кейінге шегерілген. Себебі шерушілер айлаққа баратын жолды жауып, онда жұмыс жасауға кедергі келтірген болатын.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Франция Ariane зымыранын ұшырды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-06/625.html