Шымкентте тозығы жеткен көліктерді сығымдау жұмыстары басталды




Шымкентте тозығы жеткен көліктерді сығымдау жұмыстары басталды. 

Италиядан әкелінген қондырғы сағатына бірнеше жеңіл машинаны ықшамдап, 15 тоннаға дейін брикет жасайды. Еліміз бойынша дәл осындай төрт бірдей жылжымалы мобильді машина бар екен. Өткен жылдың күзінен бері 1900 оңтүстікқазақстандық ескі көлігін тапсырған. Құжаты мен қосалқы бөлшектері толық тұлпарға 150 мың теңге төленеді. Құр қаңқасы қалған көлікке 48 мың теңге беріледі. Қанат қақты жоба аясында биылдан бастап азаматтарға 300 мың теңгеден сертификат берілмекші. Сол арқылы су жаңа отандық автокөлікті жеңілдікпен алуға болады. Тағы бір ерекшелігі тұрғындар ұзын сонар кезекке тұрмайды. Байланыс орталығына хабарласып электронды тіркеуге алынады. Өткізілген темір тұлпарлардың ішінде жигули мен москвичтен бастап шетелдік машинаға дейін бар. Жаңа жоба аясында биыл жыл соңына дейін еліміз бойынша 40 мың автокөлік қабылдау жоспарланған.

Шералхан Шоқыбеков, Қазығұрт ауданының тұрғыны: 

- Мен алғанда 1-2 қожайыны болған.10 жыл міндім. Енді тозығы жетккен соң қайта жөндеуге жарамай қалды.150 мыңнан аламын деген соң өткізіп жатырмы. Есептен шығарып әкелдім. Кейін банктен есеп шот аштым. Басқа ешқандай қағазы жоқ.

Жомарт Рақымжан, «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі операторы» ЖШС өкілі: 

- Сығымдау машинасы іске қосылды. Бұл елімізде жинақталған осы автокөліктердің барлығын қазір сығымдап брикет күйінде әзірлеп жатыр. Маусым айында Қарағандыда осы бірінші жарты жылдықта шрейдерлік зауыт іске қосу жоспарланып отыр. Осы брикеттелген барлық автокөліктер Қарағандыдағы зауытқа жіберіледі. Сол жерде оның металы, шинасы, резеңкелері және пластмасасы жеке-жеке бөлшектеліп, сол жерде қайта өңделеді.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Шымкентте тозығы жеткен көліктерді сығымдау жұмыстары басталды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-04/609.html