Ресей мен Түркия екіжақты қатынасты қайта қалпына келтірді

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Сочи қаласында Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоғанмен кездесу барысына мәлімдеді. В.Путиннің айтуынша, қазір Ресей түрік азаматтарына виза беру мен қызанақты импорттаудан басқа Түркияға қатысты барлық шектеулерді алып тастаған. Түрік президенті болса, бұл мәселелер жақын болашақта шешіліп қалатынына сенім білдірді. 

Айта кетейік, екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас 2015 жылы түрік әуе күштері Сирияда ресейлік бомбалаушы ұшақты атып түсіргеннен кейін ушыққан. Осыдан соң, Мәскеу Түркияға санкциялар салған болатын. 

Владимир Путин, РФ Президенті: 

-Қазір ресей-түрік қарым-қатынасын қалпына келтіру кезеңі аяқталды деп айтуға болады. Өзара байланыс пен қалыпты әріптестік қайта нығая бастады.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ресей мен Түркия екіжақты қатынасты қайта қалпына келтірді
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-04/612.html