Эверест шыңын бағындыруда рекорд орнатпақ болған 85 жастағы непалдық қаза тапты

Мин Бахадур Шерхан есімді 85 жастағы непалдық Эверест шыңын бағындырған әлемдегі ең қарт адам ретінде рекорд орнатпақ болған сәтте қаза тапты. Бұл туралы Associated Press хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша ол лагерьде ұстамалы жүрек ауруынан көз жұмды. 2008 жылы 76 жасында Шерхан 8848 метр биіктікті бағындырып, рекорд орнатқан. Алайда оны 2013 жылы 80 жастағы Юитиро Миурой есімді жапондық жаңартты, деп жазады RT.

Дерккөз: Www.24.Kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Эверест шыңын бағындыруда рекорд орнатпақ болған 85 жастағы непалдық қаза тапты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-07/636.html