«Марстағы өмір» тәжірибесі мерзімінің жартысы аяқталды

АҚШ-та «Марстағы өмір» тәжірибесі мерзімінің жартысы аяқталды. 

6 адамнан тұратын ғалымдар тобы 4 ай бойы Гавайи аралдарындағы жанартау жанында оқшауланған күмбездің ішінде тұрған. Алда тағы 4 айлық зерттеу жұмыстары күтіп тұр. Мұндағы өмір сүру жағдайы Қызыл ғаламшардікіне ұқсас. Төңіректе өсімдіктер жоқ. Ғалымдар күмбез сыртында скафандрмен жүреді. Командалық бекетпен байланыс 20 минуттық кідіріспен орнатылады. Өйткені радиотолқындар Марс пен Жердің арасындағы қашықтықты дәл осыншама уақытта еңсереді екен. Негізі бұл – Гавайи университетінің арнайы жобасы. Осымен бесінші рет жүргізіліп отыр. Тәжірибені НАСА қаржыландырады. Басты мақсат – Қызыл ғаламшарға ұзақ экспедиция кезінде адамдардың мінез-құлқы мен команда мүшелерінің өзара қарым-қатынасын зерттеу. 

Энсли Бернард, жоба қатысушысы: 

– Мен сүйіктімді қатты сағындым. Онымен кездесуді тағатсыздана күтіп жүрмін. Сондай-ақ миссия аяқтала салысымен бірден жаңа піскен авакадо сатып алып жейтін боламын.


Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » «Марстағы өмір» тәжірибесі мерзімінің жартысы аяқталды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-06-20/785.html