Бизнес-идея: автокафе

Қазіргі таңда «жылжымалы» дәмхана бизнесі қарқын алуда. Онымен, әсіресе, жастар жағы көптеп айналысуда. Мұндай дәмханалардың келушілері де жастар – студенттер, оқушылар. Ең бастысы сіз олардың талғамын білесіз. Мәзіріңізде салқын сусындар, тіскебасарлар болатыны анық. Ал мұздай көже, қымыз, шұбат, бауырсақ, қолдан пісірілген бәліштерді қоссаңыз тіпті керемет. Себебі студенттер бургер, фрилердің зиянын біледі, әрі үй тағамдарын сағынады. Өзіміздің тағамдарымызды сүйсіне жейді.

Микроавтобус тауып, оның іші-сыртын сәндесеңіз болғаны. Тек барлығы заң, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, таза, болса болды, «дөңгелектегі» бизнесіңіз дөңгеленіп кете барады!


Дерккөз: http://www.jastar.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Бизнес-идея: автокафе
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-07-01/802.html