Билл Гейтс қалай бай адамға айналды
Билл Гейтс – Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, компьютер магнаты, әлемдегі ең бай адамдардың бірі.
Зерек әрі талапты Билл қарапайым бастауыш мектептен зерігетін. Ата-анасы оның қабілетіне деңгейі жоғары білім керек екенін түсініп, 12 жасында оны Сиэтл Лейксайдтағы айрақша дәрежелі мектепке ауыстырды. Ұнататын пәні математика болды, гуманитарлық ғылымдарды қажетсіз деп санады. Математика профессоры болуды армандады.
Қарапайым, ұялшақ болды, көпшілікпен араласпайтын. Оны қатарластарының ойындары қызықтырмайтындығы ата-анасын алаңдатты.
1968 жылы Билл және оның досы Пол Аллен орта мектепте оқып жүргенде, мектеп басшылығы General Electric компаниясынан компьютер уақытын сатып алуды шешті. Бұл Биллдің өмірін түбегейлі өзгертті. Екеуі үлкен қызығушылық танытты. Олар барлық компьютерлік әдебиеттермен танысу үшін сабақтан қалды. Бір тәулік уақыт балалар үшін мағынасын жойды, зертханаларда сағаттар бойы отырды. Сөйтіп Билл өзінің алғашқы бағдарламасы – қарапайым симуляторды жазды, бұл машинаға қарсы ойнауға мүмкіндік берді.
1973 жылы отбасылық дәстүрді сақтау үшін Билл Гейтс Гарвард университетіне оқуға түсті. Әкесінің жолын қуып заңгер немесе математика профессоры болғысы келді. Өзінің айтуы бойынша зор құлшыныспен оқыған жоқ.
Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен журнал сатып алмақ болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Танымал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла алатын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Оның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мектеп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды. «Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді
1981 жылы Microsoft корпорацияға айналады, оны басқаруды Билл Гейтс және Пол Аллен өзара бөліп алады. Сол жылы IBM MS-DOS 1.0. 16-биттік операциялық жүйесі бар ДК шығарады.
Microsoft компаниясы және оны құрушылар алғашқы күннен бастап мынадай мақсат қойды: «Компьютер әрбір үйде және әрбір үстел үстінде болуы тиіс».
Компания жылдам дами бастады.
2001 жылы Microsoft жаңа ОЖ - Windows XP сатылымға түсті, оны пайдаланушылар қатты ұнатты, осы күнге дейін әлемдегі жаппай қолданылатын операциялық жүйе болып табылады.
2006 жылдың соңына қарай Windows XP сатылған көшірмелерінің саны 538 млн құрады.
Осылайша, Windows әлемдегі графикалық интерфейсі бар танымал операциялық жүйеге айналды.
Билл Гейтс 2007 жылы маусымда Гарвардқа оқуға түскеніне 34 жыл өткен соң осы оқу орнын бітіргені туралы диплом алады. Әлемдегі осындай беделді университеттердің бірі Гейтске айрықша қызметі үшін диплом беруді ұйғарған.
Отбасын құрған соң қайырымдылық шараларына көп көңіл бөле бастады.
2000 жылы денсаулық сақтау және білімді қолдаумен айналысатын Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорын құрды (B&MGF). Осы қордың ақшасына СПИД-ке қарсы вакциналар әзірленуде, дамушы елдерге және халқының тең жартысы кедейшілікте өмір сүретін елдерге медициналық көмек көрсету бағдарламасы құрылуда, көптеген ресурстар білім беру және ғылыми бастамаларға жұмсалуда.
АҚШ және Канаданың төмен жалақы алатын тұрғындарына арнап кітапханаларда жеке компьютермен жұмыс жасау және Интернетті қолдануға мүмкіндік беретін кітапхана ісі саласындағы бастамаларды дамытуға қаржы бөлінеді.
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Билл Гейтс қалай бай адамға айналды
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-08-25/904.html