Алғашқы жұмысшы. Қалай оны жалдауға болады?

Мен жұмысты оңай және жылдам бөліскенді ұнатпайтын адамдардың қатарында бармын. Мүмкін, таныстарымның тәжірибиесінен үйренген болармын. Сондықтан, әр адамға орындалуы қажет істерді қиындықпен бөліп беремін.

mass.jpg

Түсінбеген сияқтысыз. Олай болса, егжей-тегжейлі түсіндіруге тырысып көрейін.

ЖҰМЫСШЫДАН ӨЗІҢІЗ КӨБІРЕК ЖҰМЫС АТҚАРЫҢЫЗ.

Менің ойымша, басшы кәсіпті ең басынан бастап өзі аяғына тұрғызуы қажет. Болашақта жұмыстың құрылысы және әр бөлімі жайлы мағлұмат кәсіпті жүргізуге септігін тигізеді. Егер, басшымын деп шалқая берсеңіз, қоластыңыздағы адамдармен тіл табысуыңыз қиындап кетеді. Сонымен қоса, біліксіз басшыны алдап, тақырға отырғызу да қиын емес. Екі қолға бір күрек алып, төменнен көтеріліңіз. Жұмыстың қыр-сырымен танысқаннан кейін, қай лауазымға кімнің лайықты екенін шешіңіз.

mintrud_rf_razreshit_neskolkim_kompaniyam_nanimat_rabotnikov_iz_turcii-722x380.jpg

ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛГЕНШЕ ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗ

Егер, жұмысты өзіңіз істей алсаңыз, арнайы адам жалдап қайтесіз? Жұмысшыны тек өзіңіз түсінбейтін лауазымдарға ғана алу қажет. Иә, қиын. Бірақ, жұмысшы деген жұмысты атқаратын адам емес пе? Ол істі өзіңіз де атқара алсаңыз, тағы бір адам сізге не үшін қажет? Әлде, оған жалақы төлейтін қаражатыңыз тасып бара жатыр ма? Артық қол кәсіпті құрдымға жеткізетінен есте сақтаңыз.

БІЛІКТІЛІГІҢІЗ ЖЕТПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫСШЫ ЖАЛДАҢЫЗ.

Егер, біліктілігіңіз жетпейтін сұрақтар туындаса, ал мәселені тез біржақты қылу керек болса, сол кезде маман жалдаңыз. Ал, біліміңіздің жетпейтінін бал ашып білдңіз бе? Алдымен, сол жұмысты өзіңіз жасап көріңіз. Болмаса, маман жалдауға үлгересіз.

Егер, сіз өз ісіңіздің маманы болсаңыз, басқа маман сізден артық бола алады ма?

Сіз сауда ісінің қыр-сырын білесіз. Кімге, қалай, қашан сату керектігін сізден артық ешкім білмейді ме? Онда тағы бір сатушы сізге керек пе? Оның үстіне, бұл кәсіп сіздікі. Олар, әрине, өз ісін жақсы істейді. Алайда, кәсібіңізге жаныңыз ашығандықтан, сіз олардан артық істейтініңіз сөзсіз. Кейін «мынау не?», «анау не?» өзіңіз ашуға мінетін боласыз.

fhd.jpg

ҮСТІНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН МЫСАЛДАРДЫ ЕСКЕРІП, ӨЗІҢІЗ ҮШІН ҚАЖЕТІН СЫЗЫП АЛЫҢЫЗ.

Жұмысшыны тек шынымен қажет жағдайда ғана жалдауыңыз қажет. Соны ұмытпаңыз. Қалғанын өзіңіз орындаңыз.


Дерккөз: www.tabysker.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Алғашқы жұмысшы. Қалай оны жалдауға болады?
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-29/727.html