Беліңіз неге ауырады?

Беліңіз неге ауырады?

Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік.

Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді

Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу — басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру.

Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз.


Етбетіңізбен ұйықтайсыз

Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқаға күш түсірмейді. Егер басқаша қалыпта көз іле алмайтын болсаңыз, омыртқа мен бұлшықетке түсетін қысымды азайту үшін жамбас тұсыңызға жастық қойып ұйықтаңыз. Тіпті, төсегіңіздің қатты не тым жұмсақ болуынан да беліңіз ауырады.


Темекі шегесіз

Темекі — жүрек пен өкпенің ғана жауы емес. басқаларға қарағанда шылымға құмартқандардың омыртқасы тез зақымданады. Никотин омыртқаға қанның баруын баяулатып, оның жарақат алып қалу қаупін өсіреді. Сондай-ақ, темекі адам ағзасындағы кальцийді өзіне сіңіріп алады да, сүйектердің жағдайы нашарлай бастайды. Темекіні тастайтын уақытыңыз болған жоқ па? :)


Көңіл-күйіңіз құбылмалы

Адам ауырса, оның психологиялық денінде де өзгерістер байқалады. Ғалымдардың айтуынша, арқасы, белі ауыратын адамдар жабырқау жүреді екен. Терең депрессияға түскен адамның белі, тіпті мойыны да ауыратын көрінеді. Адамда стресс болса, арқаның бұлшықеттері жиырылып, тартылып қалады. Бел ауруынан құтылу үшін, алдымен, депрессиядан құтылу керек. Йога, фитнес, би сабақтарына барып, екеуінен де арылуыңызға болады.


Сіз - сәннің құлысыз

Биік өкшелі аяқкиімдердің денсаулыққа зиян екені даусыз, тым жайпақ табанды аяқ киімдер де денсаулыққа жақсылық әкелмейді. Сүйретпелер мен сандалдар табанды ыңғайсыз ұстап тұрады да, соңында табан, тізе, бел ауыратын болады. Мұның бір шешімін табуға болады: бірде кроссовкалар, бірде сандалдар, бірде биік өкшелі аяқ киімдер киіңіз. Аяқ киіміңіз өте жайлы болу керек және бір ғана аяқ киімді күні бойы киіп жүрмеу керексіз. Айтпақшы, белдің ауыруына иыққа асып алатын сөмкелер де себепкер. Оны үнемі бір иыққа салып жүретін болсаңыз, тіпті қауіпті. Сондықтан бауы жалпақ сөмкені таңдаңыз және оны екі иығыңызға алма-кезек асыныңыз. Сөмкеңіздің салмағы өз салмағыңыздың 10 пайызынан көп болмау керек.



Асыра әлпештеп жібересіз

Бел ауырса, адамның бәрі жатып қалуға құмар. Адам жатқанда омыртқаның бел тұсына түсетін күш азаяды. Бірақ, екі күннен артық жатқан адамның беліңіздегі ауруды одан сайын күшейе түседі. Жаяу көп жүріп, жүзумен айналыссаңыз, белдегі ауру жеңілдеп, қан айналымы жақсарады, тез жазылуға сеп болады. Йогаға барып, буындар мен бұлшықеттерді созып, жаттықтырса, белдегі аурудың кетуі жылдам.


Дереккөз: Айқаракөз

www.aikarakoz.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Беліңіз неге ауырады?
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2018-03-09/1084.html