Арықтағыңыз келсе, шырын ішіңіз

Арықтағыңыз келсе, шырын ішіңіз

Алма шырынының пайдасы:

Алма шырының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А,В және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді. Онымен қоса, алма шырыны темір, магний және фосфор біріккен минералды заттарға бай. Бұл керемет шырынды жиі ішіп тұратын болсаңыз, ұзақ жылдар бойы есте сақтау мен интеллектуалды қабілетіңізге шағымданбайтын боласыз. Бұл шырынның құрамында ми жасушаларының оксиданты күйзелуінің алдын алатын органикалық заттардың болуымен түсіндіріледі.

Алма шырынындағы табиғи жеміс қанты мен органикалық қышқылдардың арқасында денеге түскен ауырлықтан ағза нәтижелі әрі тез қалпына келеді. Бұл шырынның құрамындағы органикалық қоспалар жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы әсер етеді.

Егер сізді асқазан қышқылдығының төмендеуі,авитаминоз, қаназдық,инфарктан кейінгі қалып сынды мәселелер толғандыратын болса, онда қышқыл алма сұрпынан дайындалатын шырынды ішкеніңіз абзал. Зат алмасудың бұзылуы, атеросклероз және буынның ұстамалы ауруы кезінде де алма шырынын ішу пайдалы. Өйткені ол табиғи физиологиялық  процесстердің қалпына келуіне ықпал етеді. Алма шырыны микробтарға  қарсы әсер ететін күшке ие. Сонымен қатар артық тамақ жеуге жол бермейді.

Қант диабетіне шалдыққан адамдарға тек жасыл алма шырынын ішуге рұқсат етіледі. Ал сау адамдарға бір күнде 1 литр алма шырынын ішуге болады. Бұл шырын несеп айдайтын және өт айдайтын құрал ретінде де пайдалы. Ағзаның жалпы тонусын көтеріп, шөлді керемет басады. Алма шырыны қан құрамындағы холестеринді және жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Жаңа сығылған алма шырыны – арықтау үшін таптырмайтын«дәрі». Бұл сусынның 100 граммында шамамен 50килокалория болады. Аптаның бір күнін жеңіл тамақтарға арнап, рационыңызға алма шырынын қоссаңыз, артық салмақтан құтылып қана қоймай, ағзаңыздың жалпы саулығын жақсарта аласыз.

51-1476212828-b6f435a504.jpg

Қандай жағдайда алма шырынын ішуге болмайды?

Ішек-қарын жолы ауыратын, әсіресе, ауруы асқынған адамдарға алма шырынын ішуге тыйым салынады. Сонымен қатар бұл сусын қатты аллергиялық әсер беруі мүмкін. Ағзаның шырынды жекелей қабылдамайтын жағдайында да ішпеген абзал. 


Дереккөз: www.anabol.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Арықтағыңыз келсе, шырын ішіңіз
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2018-02-11/1046.html