Ағзаға ең пайдалы 12 өнім анықталды
Ағзаға ең пайдалы 12 өнім анықталды
Олардың қатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер еніп отыр. Бұл туралы MIGnews порталы хабарлайды.
Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін тағамдардың тізімін жасаған.
Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнімдер – мыналар: жидектер, атбұршақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұмыртқа, орамжапырақ, алма, сарымсақ пен пияз, анар және көк шай.
Ғалымның айтуынша, жеміс-жидек құрамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, сол себепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Ал атбұршақ тоқішек қатерлі ісігі мен сусамырдан қорғап, дене салмағын реттей алады. Линолен қышқылына бай сиыр сүті, сондай-ақ орамжапырақ, сарымсақ пен пияз да, анар мен көк шай да обыр ауруынан сақтайды. Майлы балық қан айналымы мен ми жұмысын реттейді. Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Алма – тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ағзаға ең пайдалы 12 өнім анықталды
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-12-24/989.html